Қара өлеңнің Хантәңірі

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Ақтамберді болып ақтарылып, Махамбет болып кектенген, Абай болып терең күрсінген, Жамбыл болып жырлаған, Мағжан болып мұңайған, Қасым болып от кешіп, Төлегендей сағынышқа енген қасиетті қазақ өлеңінің төрінде ақиық Мұқағалидың алатын орны алабөтен. Қарасаз атты қараша ауылда туып-өсіп, Хантәңірінің етегінен түлеп ұшқан мұзбалақ ақынның жырлары бүгінде әр қазақтың көкірегінде сайрап тұр. Ол өлең өлкесіне өзінің ерекше үнімен келіп, қарапайым да асқақ болмысымен, шыншыл да шымыр өлеңдерімен жадымызда мәңгі қалып қойды.

Талайлы тағдыр маңдайынан сипай қой­маса да, қазақтың қара өлеңін кие тұтқан ақын ағынға қарсы жүзіп, түптің түбінде жұл­дызының биіктен жарқырап тұратынын жан-жүрегімен сезіп, сәулелі санасымен бол­жай білді.

Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,

Алынбаған ақым бар сенде менің… – деп, ақындық жолындағы қиын кедергі­лер­ге қасқайып тұрып қарсылық білдірген ақын­ның жұдырықтай ғана жүрегі қаншама бат­пан салмақты көтере білді! Ақын жырла­ры негізінен лирикаға құрылғанымен, он­да­ғы нәзік қалтарыстардан салмақты ой мен сіз бен біздің кеуде тұсымызды шымыр­лат­пай қоймайтын ауыр бір мұң сезіліп тұра­ты­ны сөзсіз. Ақын шығармаларына үңіл­ген са­йын әркім өзін танып жататыны және аян. Ен­деше, оқырман Мұқағалиды емес, Мұ­қа­ға­ли оқырманын өзі тауып алатын сияқ­ты. Мұн­да әлдебір тылсым күштің әсері сезі­ле­тін­дей. Расында да, «махаббатпен басталып, па­ра­сатқа ұласқан» Мұқағали поэзиясы еш­кім­ге ұқсамайтын мазмұн-сипатымен тым ер­ек­ше, әр сөзі сондай анық әрі жүрекке жақын.

Ол өзі өмір сүрген заманның сұр­қия­лы­ғы мен әділетсіздігін жан сүзгісінен өт­кізіп, қаймана қазақтың сөзін сөйледі. Мұ­қа­ғалидың тағы бір ерекшелігі, ол, шын мә­нін­де, ұлттың ақыны ғана болып қалмай, төр­т­кіл әлемде болып жатқан түрлі құбы­лыс­тарға бейжай қарай алмайтын қалам иесі ретінде ғаламдық тұрғыда ой толғаған кең тынысты талантқа ие болды. Өлеңге құ­былыс болып келген ол адамзатты тол­ған­дырған тақырыптарға барды. Төл әде­бие­т­імізден нәр ала отырып, әлем клас­сик­терінің туындыларымен тамыр жал­ғас­тырды.

Ғаламды санасымен құша отырып, ол ақ қағазға өз мұңын төгу арқылы қазақтың ішкі дертіне шипа іздеді, жетімін желеп-жебеп, жесірін жұбатуға жылы сөзін сарп етті. Сұрапыл соғыстан кейін ұлт басына төнген ауыр жылдар, кеңес заманының қызыл саясаты тудырған зауал мен ұмыт қала бастаған тамырлы ата дәстүріміз бен иманымыз Мұқағалиды да толғандырмай қой­мады. Ұлтымызды құрсауда ұстап, ба­сы­мызға бұғалық салған кеңестік идео­ло­гия Мұқағали музасын мазасыз күйге тү­сір­ді. Алайда ноқтаға басы сыймаған ақын­­ның жүрегі аласұрып, ақ жолдан адас­пай, ақиқат іздеуден тартынбады. Ол өзі жырға қосқан үш бақытын – Халқын, Тілін, Отанын аялап өтті. Қазақтықтан ажы­ра­ған қоғамда өмір сүрген ақын азаттықты аңсады. Қай өлеңін алсаңыз да, оның аста­ры­нан бостандыққа ұмтылыс пен еркіндікті аңсау бар. Мысалы, ақынның сәбиіне ар­на­ған мына бір өлеңінің кейбір тұсына зер салып көрсек:

Бұлқынып жатыр,

Келмейді-ау құрғыр шамасы.

Бұлқынып жатыр,

Таусылды-ау айла-шарасы.

Сәулемнің менің аяқ пен қолын матамай,

Бостандық берші,

                              бостандық берші, мамасы.

 

Қарашы мынау қабаржып

                                                   жатқан пішінге,

ЬІза мен ашу қайнайды келіп ішінде.

***

Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық!

Ауа мен күнге,

                               ай менен нұрға малшынып.

Бұлқынып жатыр,

                               ұмтылып жатыр, қарашы:

Кішкентай жүрек көрсетіп

                                                жатыр қарсылық.

Бір деммен оқып шыққанда-ақ, бұл өлең кішкентай сәбиге арналғандығы айқын аңғарылып тұрады. Бірақ қайыра оқып, астарына үңілсеңіз, басқа ойдың ұшқынын аңғарасыз. Өлеңде айтыл­ғандай, бұлқынып жатқан сәби – кеңестік құрсаудағы қазақ қоғамы. Сол қоғамда Отан-Ана біз үшін Ресей еді. Ақынның «аяқ пен қолын матамай, бостандық берші, мамасы» деп жан ауырта жырлауы да тегін емес. Иә, сол кездегі алып им­перияның қол астында «ыза мен ашуға» булығып, басылып қалған қазақ қоғамы бостандыққа ұмтылуға бұлқынып, қар­сылық көрсетуге талпынып жатқан кіш­кентай жүрек иесі еді. Ал «Жаным-ай» деген бір өлеңінде:

«Басымыздағы бақыттардан да күсеміз,

 Қазылған орға өзіміз іздеп түсеміз.

 Қайтеміз енді?!

 Ұлы бола алмай ішеміз…» – деген жолдар бар. Иә, Мұқағали ғұмыр кешкен қоғамда қазақ ұлтын бақытты өмір сүрді дей алмаймыз. Орыстың арағына уланып, ататегімізді «ов, ев» деп жаздыртып, тіліміз мен дінімізден ұрпағымызды без­дірген саясаттан енді-енді арыла бастадық емес пе?! Қазір ғой орысша жалғауды алып тастап, «ұлы», «қызы» атанып жүр­ге­німіз… Мұндай мысалдарды көптеп кел­тіре беруге болады.

Ақынның бай шығармашылық мұрасы бүгінде көптеген ғылыми-зерттеу еңбекке арқау болып отыр. Солардың ішінде «Мұқағали және Тәуелсіздік» ұғымына айрықша көңіл бөліне бастауына негіз жоқ емес. Қалай десек те, бүгінгі заман  Мұ­қағали поэзиясын өзге қырынан тал­дап-тануға серпіліс тудырып отыр. Абай да­налығының нәрінен сусындап, Махам­бет­тің өршілдігіне қаламын жонып, Қасым жы­рынан от алған Мұқағали бүгінде адам­заттың ақынына айналды. «Күпі киген қазақ­тың қара өлеңіне шекпен жапқан» Қара­саздың қара баласы миллиондарды мойындатып, рухты поэзия тудыра алғаны анық.

Ақын өзі жазып қалдырған күнделігінің бір тұсында: «Айналып келгенде, поэзияда рух үлкен рөл атқаруға тиіс. …Кімде рух бол­­маса, ол поэзиядан аулақ жүруі керек…» – деп ой толғапты. Бұл мәртебелі өлең­ге шын жанашыр ақынның кесімді сөзі іспетті. Қазақ поэзиясына бояуы қанық ұлттық реңк пен сананы сілкінтер рух ала келген ақын шығармаларын қайта-қайта парақтаған сайын тың ойларға тап болып, көкейді тескен сан сауалға жауап таба­ры­мыз анық. «Тау алыстаған сайын ас­қақ­тайды» деген даналыққа сенсек, Мұқағали поэзиясының Хантәңірі де ғасырлар ал­ма­сып, жылдар жылжыған сайын биік­тей бермек.

Ғалым Жайлыбай, ақын, Халықаралық«Алаш» сыйлығының иегері:

– Ұлы Абай айтқан «тілге жеңіл, жү­рекке жылы» өлеңдер Мұқағали Ма­қа­таев поэзиясының негізгі тіні екені дау­сыз. Мұқағали – қазақ халқы­ның бі­р­не­ше буын ұрпағын тәрбиелеп келе жат­қан шын мәніндегі ұлт ақыны. Бүгінде Алтай мен Атыраудың, Жетісу мен Арқаның арасында Хантәңірінің мұз­балағы атанған ақиық ақынның жыр­ларын жатқа айтып, оның сөзде­рі­не жазылған әндерді білмейтін жан жоқ шығар. Мұқағали табиғи таланты мен үлкен білімінің арқасында қазақ­тың қара өлеңін жаңаша түлетіп, заң­ғар биікке көтере білді. Ақынның өміріне қатысты әрқилы алыпқашпа пікірлер айтылып жүргенімен, Мұқа­ға­ли көзі ті­рі­сінде-ақ мойындалып, өз қатар­лас­та­рынан оқ бойы озық тұрып, көп оқыл­ған. Біз де бала кезімізде Мұ­қаң­­ның «Қар­лығашым, келдің бе?», «Мавр», «Да­риға жүрек» сынды кітап­та­рындағы жыр-дастандарды жатқа оқып өстік. Өз басым Мұғағалимен бір күн­де туға­ным­ды мақтан тұтамын. Осы­­­ны жақсы ырым­ға балап, 15 жа­сым­­да:

Ір­кілмеген, дүркіндеген

                             жыр кімге,

Өлеңдетпей ғұмыр кешу

                           мүмкін бе?!

Туған екем мұзарттағы мұзбалақ –

Мұқағали ағамызбен бір күнде, – деп өлең жазып едім. Сондықтан да маған Мұқағали ерекше ыстық, бас­қа­лардан бір табан жақын секілді сезі­леді. Жыл сайын 9 ақпанда мен ең ал­ды­мен көпшілікпен бірге Мұқа­ға­ли­дың тойын тойлап, кештеріне қатысып, өз туған күнімді одан кейін атап өтемін. Қазақ деген елі барда, қара өлеңнің қа­дірін түсінетін оқырманы барда Мұ­қа­­ғали есімі де өшпек емес. Керісінше, оның соншалық қарапайым, соншалық мөл­­дір поэзиясы ұрпақтан-ұрпаққа, ға­сы­р­дан-ғасырға үздіксіз жалғасын таба бере­тініне бек сенемін.

Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, ақын, «da Қазақстан» халықаралық журналының бас редакторы:

– Мұқағалидың алуан қыры мен сыры бар, адалдығы мен адамгершілігі мол, шығармашылық мүмкіндіктері ба­рын­ша толысып, кемелденген, өте бір ғажайып ақын екендігіне заманның өзі куә. Ол өзі­нің өткен ғасыр мен осы ға­сыр­­дың және бұдан кейінгі ға­сыр­лардың да құрдасы болатын­дығын түй­сігімен се­зіп, айтып кеткен. Бүгінде ақын­­ның айт­қа­ны ақи­қат­қа айнал­ғанын көріп отыр­мыз.

Қазақ өлеңінің тарихында, тұла бойын­­да әр пендеге тән кейбір кем­ші­ліктердің болуына қарамастан, жүре­гіне иман ұялатқан ақындар көп болған емес. Мұқағалидың басты қасиеті – атеис­тік қоғамда өмір сүрсе де, Алланы хақ деп танып, асыл дінінен айны­ма­ған­дығында. Мысалы, Абай «Алланың сөзі де рас, өзі де рас» десе, Мұқа­ға­ли:

Бәрі рас айтқанының ақ Алланың,

Күн менен топырақтан жарал­ған­мын.

Тәнімде түйірі жоқ арам қанның… – деп ағынан жарыла келе, «күллі әлем­­нің ……………….» деген үндеу тастайды. Мұқаңның осы бір имандылық қыры мен Абай дәс­тү­рімен сабақтастығы турасында белгілі ақын Құл-Керім Елемес кезінде үлкен зерттеу мақала жазған. Өз өлеңінде «Пайғамбар Мұхаммедтің үм­бе­тімін» деп жаһанға жар салған ақын ті­рісінде-ақ Хақ жолын мойындаса, бү­гін­де Алла тағала Мұқағалидың мәр­те­бе­сін көтеріп жатыр. Ұлылар өмірі қа­шан­да бір-бі­рімен сабақтас келеді. Мы­салы, Ма­хам­беттің (батыста Мұхаммед пай­ғам­ба­рымызды Махамбет деп те атаған) аты да, Абайдың шын есімі Иб­раһим мен Мұқағалидың азан шақырып қойылған аты Мұқаметқали – үшеуі де нұрлы есім. Махамбет – Қаройда, Абай – Қарауыл­да, Мұқағали Қарасазда туған. «Қара» сөзі қазақта қасиеттілік пен ұлы­лықты біл­діреді. Демек, осы қа­сиет­ті үш Қараны қазақ руханиятының үш тұғыры деп та­нып білуге болады.

 

Ғарифолла ЕСІМ, философия ғылымының докторы, академик:

– «Дін – ғылымның анасы». Бұл – Мұқағали Мақатаевтың өткен ғасыр­дың 70-жылдары жазған өлеңінің алғашқы жолы. Ол заманда атеизм (дінсіздіктің идеологиясы) мемлекеттің саяси қызметін атқарғаны көпші­лік­ке белгілі. Дінді ғайбаттап сөз сөйлеу кеңестік мәдениеттің бір өлшемі болатын. Қоғамдағы саяси ағымға сай, ақындар да дінді сынап жазуды дәстүрге айналдыра бастаған. Сол «Құдайсыз заманға» тап болған ұрпақ­тың өкілдерінің бірі ақын Мұқағали Мақатаев еді, бірақ оның сөзі өзге­ше болды. Жоғарғы жақтағыларға дінді қаралап жазса ұнайтынын, марапат­тарға ие болатынын ақын білді. Алайда Мұқағали ол жолға түспеді. Жаны жаралы  болып,  дүйім жұрттың  ішінде жалғызсы­рап, сер­гел­деңде жүр­ген­де тұла бойына табиғи болмысымен енген мұсылмандық нұрын шаш­пай-төкпей сақтап, ешкімге ұқсамайтын дін туралы өзінің формуласын ұсынды, оның дінді ғылымның анасы дегені даналықтың үлгісі еді.

Әбіш КЕКІЛБАЕВ, Қазақстанның Халық жазушысы:

– Мақатаев жырларындағы майда қоңыр саз бен жарқ-жұрқ көзге ұрмайтын жұмсақ нұрдың өзі де оның терең тебіреністі гуманистік мәнін айқындай түседі. Жас ақын зор адамгершілікті, биік гуманизмді елден ерек төтен ерліктерден емес, адамдардың бір-біріне деген мейір­-­пейілінен іздейді. Оның өлеңіндегі адамдар – шетінен жүзі игі, жүрегі жұмсақ жандар. Бірақ ақын өмірді май тозғысыз идиллия қылып сурет­теуден аулақ. Ол әре­кет­шіл, мейірімді, өзгенің бақыты мен қуанышына тек тілектес қана болып қоймай, сол үшін бел шешіп күресе­тін белсенді, қайырымды адам ту­ра­лы жырлайды. Ол сонау ұлы шай­қас, Ұлы Жеңіс жылдарын­да жар­қы­рап көрінген моральдық сапаны дәйім биікте ұстауға үндей­ді. Ол қазіргі қылығымыз бен құлы­ғы­мыз­ды да сол жылдардағы мораль­дық биігіміздің деңгейімен өлшейді.

                                                     «Дәуірмен бетпе-бет» кітабынан. 1972 жыл

Автор: Алмат Исәділ

Advertisements

«Болыс болдым, мінеки» немесе Абайдың билікке көзқарасы

 

Автор: Құбаш Сағидоллаұлы

Академик Салық Зимановтың пікірінше, замандастары Абай Құнанбайұлын елдің қамын ойлаған болыс, әділ би деп білді, алдына жүгінді, жақсылығын көрді, көсем тұтты. Тіпті оның жауларының өзі әділдік іздеп Абай бидің алдына барған. Тұрсын Жұртбай ағамыз мысалы еткендей, өз замандастары үшін Гете – сарай министрі, Омар Хайям – ғалым, Тютчев – елші, Салтыков – қазына бастығы ғана. Ауқатты, текті әулеттен шыққан ұлы Абай 14 жасынан бастап қараша халыққа әділ билік жүргізіп, қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрпын, үкім-кесімдерін жетік меңгерген дала биі, қабырғалы қайраткер болған еді.

 

Болыс боп елге болысқан…

1868 жылғы Ресей патшасы қол қойған «Жа­ңа низамнан» кейін болыс пен би қыз­меті патшалық Ресейдің мемлекеттік қыз­ме­тіне кірмей, ең соңғы дәрежедегі қоғамдық би­лік болып қалды. Сайланған бидің ше­шімін әскери сот кез келген уақытта бұза ала­­ды. Шамамен 10-12 ауылға билігін жүр­­гізетін болыс қызметі сиязда бекітілген. Би­лерге тек азаматтық істермен ғана ай­налысуға пұрсат берілді. Егер іс көлемі бел­гілі бір сомадан асқан жағдайда оны ше­ка­ралық сот, мировой соттар қарады. Сөйтіп, «Жа­ңа низам» қазақ халқын өзін-өзі билей ал­майтын бейшара күйге түсірді, бір қа­зақты «алты бақан, ала ауыз» етті. Абай өмір сүрген заман дәл осындай тұспа-тұс кел­ген еді. Патшалық басқарудың зы­миян­дық астарына, отарлық заңның сұр­қия­лы­ғына көзі жеткен Абай: «Қысқа күнде қы­рық жерге қойма қойып, қу тілмен қулық сауған заңы құрысын», – деп күйінеді. Қа­зақтың ру­хын, ділін, дәстүрін түбегейлі құр­туға ба­ғыт­талған аяр заңның астарын аңдаған Абай: «Қызмет қылма оязға, жан­бай жатып сө­нуге. Қалай сабыр қыларсың, жанбай жа­тып сөнуге?», – дейді. Абай Құ­нанбайұлы 18 жыл басқару ісіне ара­лас­қан. 12 жыл бо­лыс, екі кезек би болды. Шын мә­нінде, ояз­дық, болыстық билік Ресей отар­шыл­ды­ғының құралы болса да, Абай қа­зақ­тың мүд­десін, қарашаның теңдігін, әділ­дік пен туралықты үстем етті. Абай бо­лыс­тыққа, билікке атадан қалған мал үшін, ба­қуатты әулеттің мүддесі үшін емес, есесі кет­кен, теңдігінен айырылған қазақтың на­мысы үшін ғұмырын арнады, «жалғыз мың­мен алыс­ты». 1889 жылы жазған «Кү­лім­байға (Бо­лыс болдым, мінеки…)» деген өле­ң­інде «Бо­лыс болдым мінеки, Бар ма­лым­ды шы­ғын­дап. Түйеде – қом, атта – жал, Қалмады елге тығындап» деп болыс бол­ған пенденің ар­сыздығы мен, ұлыққа жа­ғымпаздығын, ха­лыққа безбүйректігін бей­нелеген. Болыс­тық мазасыз кезеңді «Бол­ды да партия, Ел іші жарылды, Әуремін мен тыя, Дауың мен ша­рыңды. Ќұрбыдай ќош тұттым, Жасың мен кәріңді» деп жазды Абай ақын. Үшінші қара сөзінде: «…Үш жыл­­ға болыс сай­ла­на­ды. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па?» – деп елдің бұл­дан­ған­дығымен күні өтеді. Екінші жылы канди­дат­пенен аңдысып күні өтеді. Үшінші жылы сай­лауға жақындап қа­лып, тағы болыс бо­лып қалуға болар ма екен деп күні өтеді…», – деген Абай әлгі бо­лыс­тың халықтың қа­мын ойлайтындай ша­ма­сы болмайтынын қат­ты сынға алады. Абай заманындағы бо­лыс мінезі бүгін де өз­герген жоқ. Қазіргі әкім-қаралардың тір­лігі сол болыстарды ес­ке түсіреді. Бүгінгі ха­лық­тан өзін бөлектейтін шен-шекпенділер үшін Абайдың сая­сат­кер­лігі, сот-биліктік қай­раткерлігі, моральдық по­зи­циясы үлгі-өнеге болуы тиіс-ті. Болыс­тық бас­сыздыққа қар­сы күрескен Абайдың ойын­ша, ел бас­қа­ратын адам мансабына ла­йық, білімді қай­раткер болуы керек. Абай ата­мыз 37-ші қа­ра сөзінде: «Кісіге біліміне қа­рай болыстық қыл; татымсызға қылған бо­лыстық өзі адам­ды бұзады», – дейді. Па­рамен, таныстықпен келген билік қасиетсіз. Абай 28-ші қара сөзінде «сатып алған, жа­лы­нып, бас ұрып алған биліктің ешбір қа­сиеті жоқ» деген.

Қара сөздердегі саяси көзқарас сарыны

Саяси жүйеге қатысты Абай либералдық көз­қарасты ұстанды. Әрине, Ғарифолла Есім ағамыз жазғандай, өз заманының кө­се­мі болған Абай Ресейдегі озық ойлы, ағар­тушылар сияқты патша билігіне ашық қар­сы шығып, халықты көтеріліске ша­қыр­ған жоқ. Ол орыс отаршылдығы мен орыс ғы­лымын, мәдениетін екі бөлек қарастырды. Бәлкім, орыстың ғылым-білімінен үлгі алу­ға шақырған Абай қазақ орыстың отты қа­руы­на орыстан алған біліммен қарсы тұра ала­ды деген ойға келсе керек. Сол себепті ол им­периямен төңкерістік жолмен емес, ағар­тушылық жолмен күресуді құп көрді. Осы ой­ды Абай атамыздың 41-ші қара сө­зінен байқаймыз. «Қазаққа ақыл берем, тү­зей­мін деп қам жеген адамға екі нәрсе ке­рек. Әуелі бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі ке­рек. Үлкендерін қорқытып, жас ба­лаларын ері­к­сіз қолдарынан алып, ме­дре­селерге бе­ріп, бірін ол жол, бірін бұл жол­ға салу керек, дүниеде көп есепсіз ғы­лым­ның жолдары бар… Екінші – ол адам есеп­сіз бай боларға керек. Аталарын па­ра­лап, балаларын алып, бас­тапқы айт­қандай жолға салып, тағылым бер­се, сонда түзелер еді», – дейді.

Абай 8-ші қара сөзінде: «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Бі­реу – болыс, біреу – би. Олардың ақыл үй­ре­нейін, насихат тыңдайын деген ойы бол­са, ол орынға сайланып та жүрмес еді…», – деген ақыл-кеңес айтады. Дана Абай әділ заңның үстемдігін аңсады, қоғамды, адам­ды түзеуге болатынына сендіреді. Мұны 37-ші қара сөзінде: «Мен егер заң қуаты қо­лым­да бар кісі болсам, адам мінезін түзеп бол­майды деген кісінің тілін кесер едім», – деген пікірінен аңғарар едік.

Абай бидің биліктері

«Келелі кеңес жоғалып, ел сыбырды қолға алып», төбе бидің орнын көде билер басқан заманда Абай болыс, би бола жүріп, отарлық әкімшілік-құқықтық реформалар­ды қазақтың ділі мен дәстүріне ыңғайлай білді. 1885 жылы мамыр айында Шар өзенінің бо­йындағы Қарамола деген жерде Семей­дің генерал-губернаторы Цеклинц­кий­дің бас­қаруымен Семей губерниясына қарай­тын бес уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өтті. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» әзірлеу тапсырылды. Абай баста­ған комиссия үш күн, үш түнде патша өкі­ме­ті­нің халықты қанауға, зорлық-зомбылыққа не­гіз­делген заңына ұқсамайтын, барлығы 93 баптан тұратын «Қарамола» ережесін жасап шықты. Бұл ереже қазақ ішіндегі мә­се­лелерді реттей алды. Жалпы қазақта Қа­рамола ережесі секілді 40-50-ге жуық ере­же қолданылған. Бірақ ішіндегі ең көлемдісі, ең мазмұндысы Қарамола ережесі болған. Заң ғылымының кандидаты Қазыбек Дау­та­лиевтің пікірінше, өз заманында Абай 70 шақты билік айтқан және оның үкім-ке­сім­дері кейінгіге жол болған. Бұл – бізге бел­гілісі ғана. Абай шешкен ең атышулы даулар ел аузында қалған.

Қазыбек Дауталиев, заң ғылымының кандидаты:

– Абайдың билік айту дәстүріндегі бір­неше ерекшелікті бөлік айтар едік. Біріншіден, Абай өз биліктерінде өз та­биғатына сай әйел теңдігіне ерекше кө­ңіл бөлген. Бұл жерде мынаны түсіну ке­рек, әйел теңдігі дегенде Абай ер мен әйелдің бірдей теңдігі емес, әйелге ла­йықты табиғи теңдікті қарастырған. Мә­се­лен, бір мәрте қалың малы төленген әйел екінші рет сатылмауы керек. «Бір сатылды, екі сатылмақ жоқ» дейді Абай. Әмеңгерлікке күштеп қосуға тыйым салған. Екіншіден, Абай сол заманда өр­шіп кеткен ұрлық-қарлықты тыюға ты­рыс­қан. «Шынын айтқан шығынсыз құ­ты­лады» деген Абайдың билігі бар. Жоқ­тықтан, амалсыздықтан ұрлыққа ба­ратын ұрылар, байлардың қолшоқ­па­ры болған ұрылар деген екі түрлі ұры­лар­дың барын білетін Абай оларға әр­қалай жаза кескен. Абай жоқтықтан ұр­лық жасағандарға кешіріммен қарап, же­ңіл жаза белгілеген, тіпті өз малын, інісі Оспанның малын ұрлағандарды «ен­­ді ұрлығыңды тый, ел қатарына қо­сыл» деп алдына мал салып берген. Абай бай-манаптың ұрыларына қатаң жа­за қолданған. Жалпы қазақта мал ұр­лы­ғына қатты жаза беретінін ескерсек, Абай дәстүрлі үкім-кесімге өзгеріс ен­гіз­ген. Үшіншіден, Абай ауқатты әулеттің өкі­­лі бола тұра, әлсіздің, кедей-кеп­шік­тер­­дің, жоқ-жітіктердің, жатақтардың сот­­тарына өзі сұранып барып, олардың қор­ғап отырған. Бұл – Абайдың сот-құ­қықтық қызметінің бір ерекшелігі. Әлем­дік сот тәжірибесінде формальды теңдік және формальды теңсіздік деген ұғым бар. Мысалы, белгілі бір дауда мил­лионер мен кедейдің мәселесі қаралады де­йік. Миллионердікі заңды, кедейдікі заң­сыз, бұл жерде миллионердің еш­те­ңесі кетпейді, ал кедейдің бүкіл тағдыры қыл үстінде тұрады. Осындай жайттарды ше­шуде басқаша бір тәсілдер қарау ке­рек. Осындай өзгеше билік айту дәстүрін Абайдан табамыз.

 

Сезімдер Тоғысы

Нұрлыбек Мәуленбек
      дұниде ешқандаи тілсім кұштің тежемінде қалмаитын уақыт атты періште расында қызық _ақ . ол өзінің үшқыр кемесімен  шет _ шексіз әлемді кезіп , көгілдір келбетін кұн сұлудың нүр шүғыласымен шомылдырып жататын ана _ жер шарынң құшағындағы  адамзат атты ғажаиып тіршілік эсіне кеиде ,рясыз қуаныш әкелсе , кеиде орны толмас өкінішті де ала келеді .
бірақ , өздерін ақылды тіршілік иесіміз деп санаитын адамзаттың  қуаныш пен қаиғыны ажырата алмаи меңіреу ортада мең _ зең кұи кешіп жататындығын көп жағдаида моиндағысы келмеитіндігі  жәнеде бар .
бәрін де қоишы , қаиғы мен қуаныш , бақыт пен сор бұл егіз ұғымдар  ықылым замандардан бері дұрыс шешімін таба алмаи келе жатқан маңгілік темелер саналады .
алаида ,өмір тәқсіретін бір кісідеи _ ақ тартқан кеибір тәбиғат мінезді жәисаңдар жөнінен алып аитқанда бұл басқаша тұратындаи .
олардың  көкеиіндегі бақыт тек _ жәи адамдар оңаилықпен баиқаи бермеитін ұлы тәбиғаттың болмысындағы ғажаиып естетикадан меиілінше нәр алып ,өздерін өзгеше рух жетегінде қанаттандыру , қанаттанып қана қоимаи, кең дұнэні қанды көз қыранша шарлау іспетті  .
олардың ішкі жан _ дұнэсіндегі қуаныш болса _  арзан атақ пен мол баилықтан келместен , қаита ,тәбиғатқа сіңіп кеткен, былаиша аицақ , дархан тәбиғаттың ғажаиып беинесіне аиналған сел сезімнен келетін сыяқты  .
сөзімізге ситат ретынде мархұм омарғазы аитан ұлы ағамыздың қаламынан туындаған төмендегі жыр тізбектерін  оқып көрелік :
уақыттың ертеңгі қаиратты ақ қолы қараңғы аспанның іргесін сөгеді .
кешегі көлеңке қоюлап түнеген кіэлі топыраққа ұятын төгеді .
жоталар ежелгі ауырлық қалпымен ақшамғы орнынан тұрегеп отырар .
ұзақ тұн зарығып мүлгіген далалар көк мөлдір сәулеге құшағын толтырар .
қап _ қара теңіздің кұп _ кұңгірт шетінен көрсетер түн өзі     қып _қызыл денесін .
тоиымсыз аспанның жалаңаш төсінен үркітіп қуалар түнгі оидың елесін .
алғашқы түрткімен қоздырып өрбіген тіршілік жанданып қауызын ашады .
ізгілік нұрымен құлпырып түлеген тәбиғат маужырап сарығын басады .
сол шақта бір сұлу талыққан ұиқының уытты орнынан көсіліп оянар .
құштарлық отымен ынтыққан ақ тані көгілжім сәуленің нұрына боялар .
                  ( ‹‹ сәукеле››    34-бет )
өлең ақынның үшқыр қыялының асқар биігі ме әлде жоқ  ,тәбиғаттың ақын жан _ дұнэсінен жанданып шыққан обыразды көрінісі ме деген оиға шомасыз  .
бірде көз алдыңызға кең әлемнің  өзіңіз қыялдап жетуге дәрменсіз қалған ғажаиып көрінісі келсе , енді бірде өзіңізді асқар таулар мен аидын _ көлдерге арқа сұэп жатқан саиын сахараның құлан иек көрінісін көкжіиектен тамашалап тұрғандаи әсер аласыз .
 қысқасы , тәбиғатқа бір жолата сіңіп  , оның мөп _ мөлдір таңғы шығындаи болып тұнған жыр жолдарын поезядан гөрі , тәбиғат туындатқан өскелең рухтың тербелісіне немесе табиғатқа таңылған ішкі дұнэнің  сырлы сезіміне жақындатқың келеді .

 

Жершарылану Және Әдебиет

Нұрлыбек Мәуленбек

– күллі адамзат 21- ғасырға қадам тастаған бүгінгі таңда ,дүнйе екеномйкасының ұшқан құстай тез дамуы ,адамзатты әрқайсы жақтан (Ғылым – технйкә ,мәденйет ,сайясй ) ортақ бір тұлғаға айналдыра бастағаны ақйқат.
Бұл құбылысты ерте сезінген бірлескен мемлекеттер ұйымының кезіндегі бас хатшысы бутурс.Ғалй өткен ғасырдың 90- жылдарында(1992- жылы ) жасаған бір Байяндамасында :‹‹ бізге бірінші реткі жершарыләну келіп жетті.››-деп атап көрсеткен болатын.
Мінекй ,содан бергі он неше жылдай уақытта ,бұл бір тұлғалану құбылсы бутурс.Ғалй атап көрсеткендей ‹‹ жершарылану ›› (glocalization)- деген жаңа ұғыммен майданға шықты.
Алайда ,жершарылану деген бұл ұғымның адамдарға шыт- жаңа тұйсну пайда қылғанімен ,шынын қуғанда тарйхй астарында өткен дауырдың ескі бейнесін қайталай елестеткендігі мен мұндалайды.
 1492- жылы әмерика құрылғына алғаш қадам тастаған айгілі теңіз сайяхатшысы көлумбның шығыс жарты шәрмен батыс жарты шардың өзәра ұласқан бұтын бір тұлға екендігін сезінуі ,адамзат қоғамының арғы заманнан-ақ,тұтас тұлғалық сйпатқа йе екендігін дәлелдейді.
Бұл бірден кәрл.Мәркыс атап көрсеткендей : ‹‹ дұйнедегі әрқайсы ұлттардың ұқсамаған жақтәбір – біріне асер етуі және йек сүйеуі ›› болмақ.
Сол үшін де біз жершарылану деген осы жаңа атауды өткен ғасырларда адамзат қоғамындажарыққашыққан ауыс – күйістің бүгінгі дауірдегі тұжырымды баламасы ретінде қабылдағанымыз жөн.
Жершарылану ауқымының бүгінгі күндегі басты бейнесі сол-дүнйедегі әрқайсы мемлекеттер екеномйкалық даму жағында өргәнйкәлық тұтас тұлғалыққа йе болып ,халыхаралық сауда,қаржы айналым және техйнкә жақтарында өзәра селбестіктен айырыла алмауы болып табылады.
Бұл селбестіктердің уақыт ұзарған сайын күшейе тұсуы бүгінгі таңда,екеномйкалық тұлғадан ауа жәйылып ,сайясй мен мәденйеткеде сыңып кіріп ,ұлттар араөзәра бірігуді ,мәденйеттер мен сайясй одақтардың өзәра йық қағыструын жарыққа шығарып отыр.
Алайда,екеномйкалық тұлға негіз болған бұл бірігудің қашанда ,сайясй мен мәденйеттің ықпал көлемін үздіксыз шектеп ,адамзат қоғамныың болашақ дамуында ырықты орынға шығатыныдығы тәбйғй.
Мұның ең тйптік бір мысалы ,бүгінгі дүнйедегі ең ірі екеномйкалық ел саналатын әмериканің кйнө- телеأйзйя өнімдері дүнйе жұзы кйнө- телеأйзйя саласның 75 % ын ,ал ахбарат тарату істері бүкіл дүнйе жұзының 80 %  аумағын алып жатқандығы болмақ.
Ал ,әмерикані ұйтқы еткен ,натоның шығысқа ірге кеңейтуы ,шінәра араб елдеріне де батыс мәденйетінің ұрығын шәшә бастағандығы белгілі.
Мүнімен қатар,соңғы кездердегі көмпйутер тор техйнкәсінің әлемдік сыйпат алуы ағылшын тілінің мәртебесін өсірумен қоймай ,батыс мәденйетінің шарпу көлемін тіпті де ұлғайтып жыберді.
Дәл осындай шешушы кезеңдерде ,дүнйе жүзіндегі әрқайсы мемлекеттер екеномйкані дамытудың күрделі сынағына дөп келіп отыр.
Екеномйкалық жақта қуаттылыққа йе болуды басты мақсат еткен көптеген елдер ішкі түзіліснде реформалар өрістетумен қатар сыртқа қарата ауыс – күйісті күшейте бастады.
Міне,бұл жәнеде етек жеңін ертерек жыйнап алған екеномйкалық ірі елдердің қолдауына шартсыз түрде мұқтаж болды.
Еліміз жөнінен алып айтсақ ,партйяның 11- кезекті 3- жалпы мәжілісінен кеиін ғана дамудың сара жолына бет алғандығы шындық.
Байянды дамудың 30 жылдық барысн бастан кешірген еліміз бүгінгі таңда ,дүнйе жұзы екеномйкасіндәғы тұлғалы мемлекеттердің біріне айналды.
Еліміздің дүнйе жүзілік сауда ұйымына мұше болуы ,азйя – тынқ Мұхйт екеномйкалық селбестік ұйымының ұйтқсы болуы ,Африка құрылығына екеномйкалық көмек көрсетуі қатарлылар күннен – күнге артып келе жатқан екеномйкалық қуатының жарқын бейнесі саналмақ.
Болжампаздардың 21- ғасырды ‹‹ жүңгө ғасыры ››-деп бағалауының сыры бірден осында жатқандай.
 дүнйежүзіндегі ең ірі дамыған ел сәләуәтімен халыхаралық істерде зөрбеделге йе әмерика жөнінен алғанда,еліміздің екеномйкалық зор қуаттылыққа йе болуы шығысқа іргекеңейтуіндегі үлкен қамал саналады.
Себебі ,дүнйе жүзіндегі демөграфйялық жақтан зор басымдылыққа йе мемлекеттің екеномйкалық жақтан тың өрлеуге көтерілуі батыс мәденйетінің жер шарылану ауқымына зор ықпал жасайтындығы
 айдан – анық.
Дүнйе жүзіндегі ең ірі мәденйет ошақтарының бір саналатын жүңгө шығыс мәденйетінің асыл жауһарын бойына жыйнаған.
Талай тарғалаң замандарды бастан кешірген хуашйя мәденйеті бүгінгі күнде екеномйкалық дамудың көмескі күшінде ,күңзі ілімін дүнйенің түкпыр- түкпіріне тарата бастады.
Ағылшын тілі ғылым – технйкәдағы алға басарлығымен алға тартса ,Ханзу тілі даму болашағының зор мүмкіншілігімен дүнйелік сйпат алып отыр.
Ал ,дүнйемәденйетінің жершарылану тұрғысынан қарағанда ,екөномйкалық қуат басты негіз бола тұрғанмен де ,әдебйет – көркемөнердің даралық сйпатын көре білу келелі маңызға йе.
Екеномйкалық ірі тұлғалар қашандаөз мәденйет үлгісін өзгеге телй түскенімен ,адамзат рухының асыл жауһары болған әдебйет – көркемөнер әлде бір белгісз ортадан саңлау ашып ,кең дүнйеге өзгеше тіл қатып келеді.
Таратылғанына бір ғасырдан астам уақыт болған нөбел әдейбет сйлғының ауқымынан алып қарасақ ,ол ешқашан дүнйе жүзіндегі әлдеқандай екеномйкалық қуатты елдердің мелжемінде қалмастан ,қайта түрткіл дүнйенің түкпыр – түкпірінен бой көтерген адамзаттық ой – пыкірлерге ден қойып отырған.
Бұл бейне ,жас қаләмгер ардақ нұрғазы ұлы айтқандай :‹‹ өткен бір ғасырда нөбел әдебйет сйлығы а.нөбелдің осйетіне сай ,өзін әдәмгершілікті,бауырмалдықты ,әділеттілікті ,бостандық сүйгіш рухты дарптейтін күллі адамзаттық асыл құндылықтардың сймأолы етіп тұлғалап шықты.››
Дәл ,осы нөбел әдейбет сйлғы дегеннен ой өрбйды ,ұзақ тарйх ,бай әдебй мұраға йе еліміздегі Ханзу әдейбетіне көзжүгіртсек ,күні бүгінге деиін бірде – быр жазушы бұл сйлықтан йгіліктене алмаған.
Бізше ,мұндағы басты себептердің бірі жүңгө қоғамдық ғылымдар акәдемйясының акәдемйгі ,фйлолөгійя бөлімінің бастығы йяң й айтқандай :‹‹ реформа жасалып есік ашылған 30 жылдан бері жүңгө әдебйет көркемөнері жөңгөнің тұтас әдебйет көркемөнер тарйхы мен йдеолөгійятарйхындағы маңыздылқтәрмен құндылықтарды шынайы танй алмағандығынан››болсәкерек.
Былтыр шаңхай уенйأерсйтетінің ұйымдастыруында алып барылған ‹‹ жершәріләну және жүңгө осызаман әдебйетін зерттеудегі бұрылыс ›› атты халыхаралық ғылмй талқы жыйнында бұл тақырыптар жәнеде қызу талқыға түскен.
Дей тұрғанмен,бес мың жылдық ұзақ тарйхқа йе ,ұлы мемлекеттің әдебйет –көркемөнерінде көп ұзамай – ақ ,дүнйені таң қалдыратын бірғажайптылықтың жүзберетіндігі мұнда.
Ал ,еліміздегі Қазақ әдебйеті ауқымына көз жыберсек ,жаңа ғасырдағы әдебй талғамның өлшемінен шыға алатын руханй құндылықтарды шінмен байқай алмаймыз.
Біздегі ең басты жетерсіздік-ойлау жүйеміздегі қасаңдық әдебй жасампаздықтағы жаңашылдықытң жолын бір жолата кесіп тастаған.
Біз әдебйет теорйясының ескі байымдауларын өзімізге руханй шеңбер етемізде ,жасампаздық орбйтасында қашанда бір бағытта тоқтаусыз айнала береміз.
Біздегі жасампаздық істл ,ой тереңдігі белгілі шекті көлем ішіндеғана көрініс береді.
Осыдан барып ,өзімізге қуаныш сыйлайтын жаңа дүнйелеріміз ,өзгелерге тек ‹‹ жұбаныш ›› бағыштайтын ортан қол шығармалардан болып шыға береді.
Біз бүгінгі дүнйе әдебйетінің даму ауқымына көз жүгіртер болсақ ,әдебй жасампаздықтың төмендегіндей екі түрдегі бағыт арқылы зөрбеделге йе болып отырғандығын байқаймыз..
Мұның бірншысы болса : дүнйеге бет алу. Ал екіншісі : даралықты сәулелендіру.
Мұндағы дүнйеге бет алу деп отырғанымз- әдебй шығарманың бүгінгі дүнйедегі ең көкейтесті маселелерді бейнелеп бере алуына қаратылады.
Былайша айтсақ ,бүгінгі дүнйеде ортақ сақталып отырған табйғат дүнйесінің ойрандалуы,дүнйе бейбтшілігінің ортақ мұратқа айналуы ,адамзат өркенйетіндегі өзгеріс және кедейлік пен даму ортасындағы парық сыйяқты толып жатқан құндылықтарды өзгеше істілімен бейнелей алу.
Ал даралық деп отырғанымыз – ұлттық харектір арқылы қоғамдық ой _ пыкірді көтере алудан көрінеді.
Ашалап айтсақ ,сіз қайсы мемлекет йәкй қайсы ұлттың уакілі болыңыз өз жасампаздығыңызда сол мемлекетіңіз йәкй ұлтыңыздың бөлекше бөгенайын дұрыс танып,оны бүгінгі замананың быйк тұғырынан көрсете алуыңыздан дерек береді.
Бұл арада ең басты назар аударуға татйтын маселе – баста айтқандағымыздай жасампаздық істіл маселесі.Істіл– әдебй жасампаздықтағы ең нәзік буын.
Сіздің әдебй шығармаңыз мейлі дүнйеге бет алсын немесе ұлттық сйпатын көрнектілендірісін жасампаздық істіл жағында шектемелікке ұшырайды екен ,онда оның жаңалық болудан қалатыныдығы даусыз.
Айтседе ,мынаны мойындау керек.Сітіл бір қаләмгердің бойында туада болмайды.
Қайта ,ол әрбір қаләмгердің ұзақ жасампаздық еңбегі арқылы быртіндеп қалыптасады.
Біз дүнйе әдебйет сахынасында зор ықпал тудырған қайсы бір қаләмгерді алып айтсақ та ,олар өз жасампаздығынң шырқау шыңына бірден шыға алмаған.
2006- жылғы нөбел әдебйет сыйлығын алған түркійя жазушысы орхан.памек озының әдебй жасампаздықтағы жаңашылдығынң 1990 – жылы жарық көрген ‹‹қара кітәп ›› атты романынан басталғанын айқын білдіреді.
 әдебі жасампаздығының алғашқы сапарында Орыс әдебйетіндегі жаңалықтарға ден қойған ол кеиіндеп ,батыс әдебйетіндегі осызаманшылдық үлгілерінен өзіне сара жол қарастыра бастаған.
Бұл туралы еліміздің айгілі жазушысы мойян :‹‹ екі жылдың алдында мен оның ‹‹ менің атым қызыл ›› атты романын оқығанымда ,көп тұрлы мәденйеттер өзәра текетірескен ортадан қашанда үздік қаләмгер мен тамаша туындының барлыққа келетіндігіне күмән келтірмедім,стамбулдай мәденйеттер тоғысқан ірі қала болғаннан кеиін ғана,пәмектен тамаша туындылар жарыққақ шығып отыр деп санағанмын.Алайда ,мен ‹‹ қар ›› атты романды оқығаннан кеиін ,кезінде оның жасампаздық даралығы мен көркемөнерлік шеберлігіне шынында зер салмағанымды ұғынып ұйялалып қалдым.››-деген байымдауын келтіруімізге болады.
Орхан.Памектің жасампаздықтағы даралығын өзінің үйрену үлгісі ететін мойян жөнінен алғанда да,жәнеде бір тың сүрлеудің қылаң беріп жатқаны айдан – анық.
Өзін ‹‹ шығыс және батыс мәденйетінің жауһары›› санайтын орхан.пәмектің әдебй шығармалары тек сіләм мәденйетін дүнйеге танытп қана қалмастан ,дастүрмен осызаманшылдық тұрғысынан да тың жаңалықтар жарата білді.
Ал ,еліміздің осызаман әдебйет ауқымынан алып қарасақ ,алайдың ‹‹ шаң – тозаң айыққанда ›› , ‹‹ йен тау ›› ,жйяфйң аудың ‹‹ жарақсыз астана ››,‹‹ бөріні аңсау›› ,уаң шйяу боның ‹‹ дәуір трйлогйясы ›› ,уаң ән йдың ‹‹ ойяну кезеңі ›› ,хай иәннің ‹‹ өшпес жанар ›› ,йұй хуаның ‹‹ тірлік ›› қатарлы шығармалары бұл жағында тың жаңалықтары байқата алды деп айтуымызға әбден болады.
Қорыта келгенде ,жершәріләну айяқ алысының күн сайын тездеуіне байланысты ұқсамаған мәденйеттер арасында бір тұлғалану үздіксыз етек алғанімен ,әдебйеттің адам рухын бейнелейтін өміршеңдік қасыйеті мәңгі өшпейді.
Дүнйе екеномйкасі даму ұрдісінде өзәра толықтау сыйпатын көрнектілендіріп ,күштілердің алсіздерге ықпал жасауы күшейе түскенімен ,дүнйеге екінші бір формада көз жүгіртетін жәнкештлер үшін алғанда әдебйет әрқашан орнын ешкім баса алмайтын қасйетті мекен.
Сол үшін де біз ,осы қасйетті мекенде ,өзіміздің жасампаздық рухымызды дүнйеге қалай таныту жағында көбірек күш шығаруымыз керек.

(Соңы )

Дәуір Сомдаған дара Тұлға

Нұрлыбек Мәуленбек

дәуір және тұлға деген бұл ұғымдар формалық жақтан ешқандай байланыссыз сезілгенімен,ішкі мазмұнынан уақыт кәтөгөрйясындағы егіз ұғымдар екенін байқау тым қйын емес.

Дәуірдің тұлғаны сомдауы уақыт тізгінінде десек ,ал тұлғаның өз дәуірінің бйік талғарынан көрінуі зор жәнкештіліктің нәтйжесі.Тек жәнкешті жандар ғана уақыт ұтысында ұпай жйнап,кеиінгі ұрпаққа дара қасйетімен (Жәнкештілігімен) өнеге қалдыра алады,бұл ақйқат.Ақйқат-дәлел-фактілердің қорытындысы.Өткен,бүгін және болашақта да бұл ақйқат өзгермек емес.Біз енді өз сөзімізді өзімізге бейтәныс сезілетін өткен мен болашаққа жүктемей,өзіміз куа болып отырған бүгіннен басталық.

Біздің бүгінгі өркенйетті даурімізде уақыттың қатаң сынынан сүрінбей өтіп,зор жәнкештілігімен жалпақ жұрттың мақтанышына айналған дара тұлғаларымыз санаулы.Әне,соның бірі,бірі болғанда да бір егеиі-белгілі ғалым,қоғам қайрәткері,жазушы ағамыз- сұлтан жанболатов.  Бұл күнде сұлтан жанболатов ағамыздың есімін білмейтін Қазақ баласы аз болса керек.   Өйткені,Тарбағатайдың қйыр шетіндегі қара кемер деген ауылда өмір есігін ашқан ағамыз,қысқа уақыттың ішінде көп мамандықтың басын қайырып,Қазақ бар жердің көбінде үлкен мінбеден көрінді.

Жәй көрінген жоқ,өзінің асқақ рух,үлкен парасатымен кесек ойлар толғап,бір ұлттың емес,бүкіл адамзаттың көкейтесті мәселелерін сараптады.  ұлт,тіл,тарйх,өркенйет тұрғысынан ғана емес,осы заманғы ғылым-технйкәнің ең озық жетістіктерінен де сыр шертіп,өзіндегі бар дүнйені халыққа арнады.  Сол үшін де ол көптің көңілінен шығып,үлкен құрметтерге йе болды.  Ел аралық ынтымақтастықтың елшісіне баланып, мәденйет қайраткері ретінде аты аңызға айналды.

иә,жанболатов ағамыз туралы әңгіме Өрбітсек,тек бұлар ғана емес,талай дүнйенің қозын үрлеп,архйвке түскен талай күнделіктің парақтарын қайталай ашуға тура келеді.  Мүбәда,мұның бәрін сыр қылып,сабырлықпен хатқа түсіруге тура келсе,бәлкім бір епопйяның жүлгесі құрылуы мүмкін.   Ал біз бұл мақаламызда ат ұстінен гүл тергендей жанболатов ағамыздың әр мезгілдердегі басқан жолы мен төккен теріне таңданыс таныта отырып,сол бір жәнкешті ғұмырдың тасасында жасырынған жасын жігерге ілтйпат етпекшіміз.Тұлғаның өз дәуірінің бйік талғарынан көрінуі зор жәнкештіліктің натйжесі деп мақаламыздың басында айтылғандай,сұлтан жанболатов сынды осы кемел тұлғаның зор жәнкештілігі сол дәуірдің қажетінен туындағандай.Қашан да«ұлт үшін майлық та,сулық та,тіпті,сүрткіш те болуға рйза болған» жанболатов ағамыз дәуір талабы мен уақыт сұранысын елден ерте сезініп,өзіндегі бар қажыр-қайратты бір керпіш болып қалануға арнай білген.  дәуірдің домына пеші ол кісіні тағанға қаланатын гранйт тастай беріктеп,өмір ағысы Мұқалмас рухқа йе дарабоз ретінде тұлғалап шықты.

Біздің бүгінгі түсінігімізде жанболатов-әр дауірде ұқсамаған парыз адақтаған айяулы тұлға.  айтсе төменде бұл түсінігімізге Тйысты түсініктемелер бере кетелік.

Өткен ғасырдың орта шенінде,былайша айтсақ,еліміз жаңадан азат болып,дамудың даңғыл жолына түсе алмай тәй-тәйләп тұрған,әр ұлт халқы өнер-білімге шөліркеп,зйялы ұрпақтар тым таптауыр болып тұрған күрделі кезеңде,өзіндегі ішкі бұлқыныс,тың талпінісімен уенйверсйтетке жол алған жанболатов ағамыз өзіне үлкен мақсат,қатаң талап қойя білді. Тек өз басындағы кеміш дүнйе үшін емес,қоғамдық ортадағы зор зәруліктің ыңғылын іштей түйсінып,үйрену мен ұйлесудың ұзақ жорығын бастады да кетті. Сонау қар жамылып,мұз тоселген шығыс солтұстікке сапар шегіп,төрт жыл бойы сонда жатпай-тұрмай«Қор» жйнаудың хйаметін тартты.

иә,ол жылдар бүгінгі ұрпақ ойлап жету түгіл елестетуге де қйын кезеңдер еді.  Бүкіл қоғамды сайясй солақайлық жәйлаған,әр алуан бодаусыз еңбектер ес шығарған,халықтың басым көп бөлімі кедейлік қамытын кйген сол бір бұлыңғыр заманда,жас болса да өзіне ұлы мұрат тіктеген сүкең аға,төрт жыл бойы ауылға бір ретте де қайтпай ,барлық ауыртпалықты жеңе жүріп,құныға оқйды.

Елімізде жаңадан іргесі қаланған радйо-електрөнйка  сынды күрделі мамандықты батыс өңірден мыңнан бір болып барған студенттер қатарында табысты тамамдайды.Мамандығы радйо-електрөнйка бола тұра,бұл реткі сапарында ол кісі тіл мен діл үйренудың,ұждан мен рухты сомдаудың,уақыт пен болашақты сезінудың өткелінен өтіп қайтқан еді.

Бәлкім,сол бір жылдардағы жапа-машақат оның бүгінгідей қажыр-қайратқа йе болуына берік негіз қаласа керек.Содан-солай,оқу бітіргесін шйнжйяң унйверсйтетіне дарынды жас ретінде қызметке қабылданып,оқытушылық сынды даңқты да машақатты кәсіпке жегілген жанболатов аға қасықтап жйнаған қалың«Қазынасын» сансыздаған әр ұлт ұрпақтарына қайтадан сарқып берді.

Өзі қызмет еткен унйверсйтеттің оқу-оқыту шарт-жағдайының төмендігіне қапырық жұтып,жоғары-төмен шапқылап,оқу-оқыту құрылғыларын жаңалауды ұсыныс етті.

Өзі бас болып оқулық құрастырып,оқыту мен зерттеу жұмысын қатар жүргізді.

«Електрөнды есеп машйнасы»,«Радйо қабылдағышты мәгнйтофон»,«Електрөнды есептеуіштер»,«Жартылай өткізгіштік радйо қабылдағыш» сынды қатпары қалың құралдық кітәптәр міне,сол мезгілдерде аға қаламынан дүнйеге келген болатын.

Өткен ғасырдың орта шендерінде,ұлттық тілімізде ғылмй негізі күшті құралдық кітәптәрдың тапшы жағдайында,бір жанболатов ағаның қамал бұзып,зор еңбектер жаратуы үлкен ерлікке тән жұмыс екендігі хақ.Бұл күнде жанболатов ағаның білім нәрінен сусындап,қанат топшысын жетілдірген талай шакірттер,жер шарының арғы-бергі беттерінде түрлі ғылмй,қоғамдық қызметтерімен ел алқауына бөленіп келеді.

Бұл арада олардың ұзын санын бірден тізіп отырмасақ та,шйнжйяң унйверсйтетіндегі айгілі профессөлар ошыр сіләм ұлы мен сенбай далабай ұлын және шет елдерде кесек ғылмй жұмыстар тындырып,талантымен таңдай қақтырып жүрген манат мәуленбәй ұлы,талғат мамыр ұлы,еркін сыдық қатарлыларды атап өтсек те жетіп жатыр.

«Ер азаматқа алпыс өнерде аздық етеді» демекші,шйнжйяң унйверсйтетінде радйо-електрөнйкә мамандығының тағанын қалап,буынын бекемдеген жанболатов аға және де болдым,толдым деп марқайған емес.

Өз кәсібінен сырт,дәуір қажетімен уақыт үні алға тартқан бейтаныс өңірлерге де батылдықпен қадам тастап,жас жеткіншектерге алуан қырымен ағалық үлгі көрсетті. Нақтылап айтар болсақ ,көмпйутер технйкасы,ғылмй фантастйкалық әдебйет,ғылмй аударма,тарйх және тіл сынды жай бір адам біреуін толық алып жүре алмайтын,кесек тақырыптарға да бел шеше кірісіп,өз замандастарын тағы бір қайран қалдырды.

Сонау 1980-жылдардың басында-ақ нәтйже жаратқан Қазақ араб алфавйт жазуын көмпйутерге енгізу еңбегі мен көмпйутер арқылы Ханзушаны түркі тілдеріне аудару жөніндегі жобасы қатысты мамандар жағынан жоғары бағаланып,«Ғылым-технйкәлық прөгрес» сйлығын еншілесе,талғат мамыр үлімен бірлесіп құрастырған«Бейсік тілі» оқулығы жоғары оқу орындарының арнаулы оқулығы ретінде кәсіптік кластарға пайдаланылып келеді.

Соңғы кездерде йнтернет туралы жазылған ғылмй еңбектері өз алдына бір төбе. Ғаламторды шарлау ғана емес,жекелік блөгы арқылы торшыларды тарту жағынан да өз құрбыластарынан көш ілгері келе жатқаны тағы бар. Ал«Аруақтар арасында»,«Қас сақтар» сйяқты ғылмй фантастйкалық шығармалары тұңғыштар санатымен шйнжйяң Қазақ әдебйетіндегі үлкен бостықтың орнын толтырса,ғылым-технйкәлық термйнологйя жөніндегі ғылмй пыкірлері мен көзқарастары,тіл тағдырына сайятын толғақты ойлары мен жазу болашағы жөніндегі сарабдал ұсыныстары ел іші-сыртындағы ұлтжанды азаматтардың қызу қарсы алуына бөленді.  Сондай-ақ Қазақ жазуын латын арпімен таңбалау жөніндегі жазу жобасы( SJR жобасы) Қазақстан елі тарапынан болашақ Қазақ латын жазуын талқылайтын ұйым ескеретін жобалар қатарына енгізілді.Өз ана тілінде бір сағатта білім алмаған бір адамның бүгінгідей өркенйеттер тайталасында өз ұлтының тіл тағдырын қызғыштай қорып,көсемдік ойларды ортаға қойуы кім көрінгеннің қолынан келе бермесе керек.

Иә,жанболатов ағаның мұндай«Сегіз қырлы,бір сырлылығы» ол кісіні үздіксыз бйіктен бйікке көтеріп,асқақ арманын одан ары ұштай түсті. Ер жасы елуінде автономйялы райондық оқу-ағарту меңгермесінің орынбасар бастығындық міндеті жүктелген жанболатов аға өзіндегі борыш пен парызды сергектікпен танй білді.

Қай біреулер сйяқты үлкен лауазымды жеке мүддеге айырбастап,жан рақатын күйіттеуді өзіне жат санаған азамат аға,ендігі жерде тұтас автономйялы райөннің оқу-ағарту істеріне ой жүгіртты.Құжаттар тауы мен жйындар теңізінен аредік уақыт ажыратып,автономйялы райөннің тұстігі мен терістігін тегіс аралап,тексеру-зерттеу жүргізді.Кей маселелерге нақ майданда шешім қабылдап,негізгі сатыларда өмір сүріп отырған әр алуан қйыншылықтарды қатысты орындарға аңыс етті. Аз санды ұлттар Жйы қоныстанған райондардағы сауатсыздық пен Ханзу тілі өткелі маселесін мықты йгеруды дәріптеп,партйя мен үкімет тарапынан зор қолдаулар тапты.

Автономйялы райондық ,мемлекеттік халық құрылтайларына уакіл болып сайланған тамаша орайларында,әр дарежелі басшылар алдында аз санды ұлт ағартуы,батыс Оңырдың дамуы жөніндегі келелі кеңестерін ортаға салды.Бұл арада біз жанболатов ағаның мемлекеттік халық құрылтайының ұлттар күмйтетінде жүрген сол бір жылдарында батыл ұсыныстар арқылы«Қылмыс көдекісіне » аз санды ұлттарға тіл тйгізген қаләмгерлерді жазалау турасында 250-тармақты енгізттыруы мен«ұлттық террйторйялық автономйя заңындағы»,«Аз санды ұлт балалары өз ана тілінде оқыса болады деген» мазмұнды«Аз санды ұлт балалары өз ана тілінде оқуы керек » дегенге өзгерткізген азаматтығын атап өтсек те жетіп жатыр.

Қысқасы,әкмшіліктің ауыр міндетінде қарбалас жүрген күндерінде де ауелгіндей ақжарма көңілімен«Майлық та,сулық та » болып,ұлттық мәденйетіміздің әр саласына маңдай терін төккен жәпәкеш ағамыз әрқашан өз йрадасынан бір суынып көрген емес.

Ал дәл осы мезгілдерде түн ұйқысын төрт бөліп,тұңғышы болған«Елжау күнбйды» ғасырлар қойнауынан ойятып,өмірге әкелуі өз алдына бір хйкайя.«Елжау күнбй» мен ол басқарған ұлыс-ұйсіндер жөнінде шерік ғасырдан астам зерттеу жүргізуі,ол жолда сарып болған қан мен тер қазірше бізге беймәлым.Бұл күнде жетпыстың бел ортасына келіп,үлкен шежіреге айналған жанболатов ағамыз өзінің үйреншікті жәнкештілігімен қарттықа да мойын ұсынбай келеді.

«Қарттық жәспен өлшенбейді» дегендей жетпыс жаста да жігіттік жігер танытып,қаламын рухына шыңдаған ғалым ағамыз әр тақырыптан кесек ойлар қозғап,ұлт мәденйеті мен дамуына сайятын кесек прөблемалар туралы құнды ұсыныс-пыкір беруденбір жазып көрген емес.«Елжау күнбйды» түрткіл әлемнің шарайнасы болған йнтернетке тіркеп,тек өзіндегі қалың қазынаны ғана емес,көзімен көріп,көңіл сарайынан өткізген көп дүнйені күллі дүнйеге таныстырып келеді.Басқан жол,өткен өмірді«Біз» арқылы кестелеп,өз дәуірінің өткелектерін,өз замандастарының орлігін ж−ас буын жауқазындарға оқылып бітпес«Хат» қылып тастап барады.

Бүгінгі біз кешегі«Біздерден» нені түйсінып ,нені ғйбырат етуімызды қос ғасырдың куасы жанболатов аға көрсетіп кеткендей.

Аға айтады:«Қазақ <жетпісте жер тайянбай тұра алмайсың,….> деген ғой.Қате емес.Оны мына орындыққа дағдыланып алғандар сезе бермейміз.Бірақ кәрілік жан рақатын күйіттеуге жетектесе қатты қателестіреді.Өмірге қуат қозғалыстан келеді.Қймылдау да,ойлау да,жазу да-қозғалыс. Жас ұлғайғанда ең қорқыныштысы-уақытын өткізе алмау! ал мен уақытымды жеткізе алмай әлекпын.Сойткен сайын мына дүнйе,тіпті,қызық,мына өмір,тіпті,тәтті болып барады.Бәлкім,«Өмірге махаббат деген осы шығар».  Бізше мұнда жанболатов ағаның тек өмірге болған ыстық махаббаты ғана емес,туған халқына деген шексыз сүйіспеншілігі жатыр. Аға ұлт азаматы,дәуір перзенті тұрғысынан өзіне үлкен талаптар қойып отыр.Сондықтан ол кісі үшін бір мйнут түгіл,бір секунд уақыт та алтыннан қымбат.Бүгінгі дәуір болашақ ұрпақ,бүкіл ұлт,тіпті,күллі ғалам бір өзіне өмірлік міндет жүктегендей,аға пәнй дүнйедегі қысқа уақытты жеткізе алмай әлек.Осында ойлайсың,«Өмірдің құны сірә не де ,бүгінгі біздер уақыттың құнын қаншалық сезіне алып жүрміз?»-деп.Рас,сезінген жанға уақыт алтын.Ал осы асыл байлықтың қадырын сезіне тұрып,қаншауымыз сұлтан аға сйяқты зор жәнкештілікке құлшыныс танытып жүрміз.

Көбік білім мен жамылшы атаққа бой ұсынып,жалған оқымыстылықпен жалпақ жұртқа өтірік көлгірсйтын«Бодене таланттардың» қасында сұлтан аға сйяқты алып та,шалып та жығатын«Қажымұқан таланттар»бізүшін үлкен үйрену мектебі саналады.

ұлы тәңір тауының дара шыңы Хантәңір басынан бір өмір қасат қарлардың кетпейтіні сйяқты біздің жанболатов ағаның көңіл сарайынан көптің қамы мен ұлттың ертеңгі болашағы бір өмір өшпейтініне сеніміз кәміл.

Йлайым,қашан да заман ұзақ толғатып,бір тапқан дара тұлғаларымыз аман болып,өз еңсесімен бйіктей бергей!

Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: Даланың атқа мінген баласымын


Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, ақын-журналист Дәулетбек Байтұрсынұлы – халықаралық «da Қазақстан» журналының бас редакторы. Осыған дейін «Халық кеңесі», «Ислам және өркениет» газеттерінде тілші, Қазақстан Жазушылар одағынан шыққан «Әдебиет айдыны» газетінде бас редактордың орынбасары, «АнАрыс» баспасында бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді. Өлеңдері 1988 жылдан мерзімді баспасөзде жарияланып тұрады. «Жас толқын» топтамасына енген. «Күнәсіз мекен», «Мәңгілік мекен», «Ләтипа лүпілі» жыр жинақтары жарық көрген кейіпкеріміз «Әріптестер әлемінің» бүгінгі қонағы.

– Ғасырлар қойнауына көз жүгіртер болсақ, менің туған жерім де қазақ даласының айырылмас бір бөлігі. Шығыс пен батысқа көсіліп жатқан Тянь-Шань тауының бөктері. Қытай Халық Республикасының Іле қазақ облысы Монғолкүре ауданында 1964 жылы 8 наурызда өмір есігін ашқанмын. Туған жерім – 2000 жыл бұрынғы Үйсін мемлекетінің ту тігіп, орда салған Шаты қаласының ежелгі жұрты. Ес білгенде көргеніміз – қаз-қатар тізілген үйсін обалары, қираған қаланың қиқымдалған қалдығы. Бабалар рухы көңілге медет болған шығар, «жат өлкеде жаралыппын» деп өкінген емеспін. Қазақстан деген елдің бар екенін байыптап өссек те ораламыз деген ой үш ұйықтасақ, түсімізге кірген емес. Тек 1991 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы заманды да, саясатты да, шекараны да түбірінен өзгертті. Сонымен бірге жан-дүниеміз жаңарып, көзқарасымыз күрт өзгеріп, күркешеден шығып, күллі әлемге қарайтын қасиетке ие болдық.
Мен негізі бұзықтар мен қиқарлардың санатынан емеспін. Табиғатым жуас болғандықтан, тәртіпті тәрк еткен кезім болған жоқ шығар. Кәдімгі көшпенді қазақтың көлік мініп, көсіліп шапқан бір баласымын. Малды ауылдың, қайнаған қазақы өмірдің ортасында өскендіктен, ат мініп, мал қайырудан басталған әуесқойлық шабандоз болып, бәйге атына мініп, аламан жарыстың қою шаңынан сытылып шығып, алға ұмтылған сәттерге жалғасты. Әкемнің бажасы Хамидулла ақсақалдың баптаған жүйрік аттарына мініп, әлденеше рет жүлделі орындарға жеткенім бүгінгідей көз алдымда. Мені өзіне ілестіріп, дала заңына тәрбиелеген нағашы ағам Бекмұхамет өзімен бірге көкпардың додасына да, қуғынына да көп салды. Жалпы, балалығым ат үстінде жорға мен жүйріктің тізгін ұшында өтті.
2-сынып оқып жүргенде, бір күні өрістен мал айдап келе жатыр едім, ши түбінен пыр етіп ұша жөнелген торғайдан тор құнаным жалт беріп, үркіп кетті. Абайсыз келе жатқан мен толқып барып, құнанның бір қапталына ауып кеттім. Аяғым үзеңгіден өтіп кетіп, құнанның қапталына салақтап, малмен бірге үйге келіппін. Құдай сақтағанда, құнан тепкілемей, аман қалғанымның өзі сенер-сенбестей. Осы оқиғаны досым Құл-Керім Елемеске егжей-тегжейлі айтып берген едім, ол кісі балаларға арнап, «Тәңір сыйы» деген әңгіме жазып, «Балдырған» журналына жариялады. Сондағы бала кейіпкер мен едім.
Ендігі бір естен кетпейтін оқиға, бір жолы дода десе, арқасы қозатын ағалар көкпарды топтан шығарып, менің алдыма өңгертті. Жүйрік Қарагермен ойқастап жүрген мен көкпар қолға тиісімен ауыл қайдасың деп аңыраттым-ай келіп… Жүздеген кісіні артқа тастап, суырылып шығып, жүйткіген қызыққа еліріп кеткен болуым керек, алдымдағы Жіңішкесудың жарына тура келгенімді бір-ақ көрдім. Бұра тартуға аттың басы көнбейді. Тоқтауға екпіні ерік бермейді. «Нар тәуекел» деп тізгінді қымтай ұстап, қамшыны осып жібердім. Арғы жағаға дік ете түстім де, ердің басына қыса ұстаған көкпарымнан айырылмаған күйімде ауылға тарта бердім. Артыма бір қарағанымда, жұрттың бәрі өткел іздеп екіге жарылып, жағада шауып жүр екен. Сонда ғана ат қарғытқан жерімнің арнасының кең екенін сезгендей болдым.
Бірнеше жыл бұрын Жамбыл ауданы Көкбастау бәйге алаңында ақындар Бауыржан Жақып, Мұрат Шаймаран үшеуіміз алдымыздан шауып бара жатқан жүйріктерді сынағанымыз бар. Бір қызығы, сол жолы мен белгілеген 13-нөмірлі Тарғаптың тор аты бірінші келді. Соны көрген Бақытжан Майтанов сияқты үлкен кісілер дәл менің атым озып келгендей қол беріп, құттықтап еді.

ЖАНБОЛАТТЫҢ МЕКТЕБІ

– Біздің балалық шағымыз Қытайдың мәдениет төңкерісіне тұспа-тұс келді де, ертегі-әңгіме, қисса-дастандар, ұлттық жәдігерлер шектеуге ұшыраған кез еді. Әкем Байтұрсын «Нүсіпқан зарлы», «Қыз Жібек», «Сайрам аңызы» секілді жыр-дастандарды қолдан көшіріп әкеліп, отбасында өлеңдетіп бізге оқып беретін. Үйге сыр шашпайтын көне көз қариялар, сыйлас ағайындар, құда-жекжаттар келгенде, әлгі дастандарды қайталап оқудан жалықпайтын. Біз де қанша рет оқыса, сонша рет тыңдай беретінбіз. Ести-ести жаттап та алған кезіміз болды. Енді ойласам, ертегі-аңыздарды шешем айтатын да, дастан-толғауларды әкем оқып беретін. Мектептен бұрынғы әдебиеттегі ұстазымыз осы кісілер секілді.
Бастауышта көшпелі мектепте оқығандықтан, мұғалімдер көп ауысты. Дегенмен еңбегі сіңіп, есімнен шықпайтыны – Батырбай және Сатыбалды деген ұстаздарым. Ылғи да сағынышпен еске алатыныма қарағанда, оңды тәрбиелеп, ойландырған сәттері көп болған шығар.
Ал әдебиетке ақын ретінде келгендіктен, алғашқы өлеңім 9-сыныпта оқып жүрген кезде жазылған сатиралық туынды. Сын-сықақ, мінеу, шенеу сипаты басым еді. Олай болатыны хат танығаннан бастап, қолдан-қолға көшірілген Көдек Маралбайдың өлеңдері өнерге деген қызығушылығымды оятып, поэзия әлеміне құмар етті. Көдек жырлары көркем және сыншылдығы басым болатын. Менің өлеңдерімде ол кісінің үлгісі көрініс таба беретіні сондықтан. Алайда батылым жетпеді ме, өзіме сенбедім бе, өлеңдерімді басылымдарға 24 жасымда ғана ұсына бастадым. Ал жоғары оқу орнын физика мамандығы бойынша бітіргенмін. Қытайда жүргенде 30 жасыма дейін физика пәні бойынша ұстаздық міндеттер өтеп келдім. Ол жақта газет-журналда істеу ойда болғанымен, қолым жетпеді. Алайда өлеңдерім, кейіндеп мақалаларым үздіксіз жарияланып тұрды. Бірте-бірте қимасам да, физикадан алыстап, әдебиетке жақындай бердім. 1994 жылы Қазақстанға өткен күннен бастап, үзілді-кесілді шешім қабылдап, бұл жақта мұғалім болмауға, тек қана газетте жұмыс істеуге ниет еттім. «Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады» дегендей, позициямды айқындап алғандығымнан белімді бекем будым. Менің журналистикаға келуіме сол кездегі «Ауыл» газетінің бас редакторы Ділдар Мамырбаева әпкеміздің себебі күшті болды. Алла қолдап, «Халық кеңесі» газетінің бас редакторы Жұмабек Кенжалин, бірінші орынбасары Жанболат Аупбаев, жауапты хатшы Қыдырәлі Қойтаев ағалар алдымнан кездесіп, қол ұшын берді. Бүгінде ««Егемен Қазақстанның» елге белгілі бас редакторы Жанболаттың мектебінен өткем» деп айтып жүремін. Бұл кездердің сабағы менің кейінгі «Әдебиет айдыны» газетінде бір кісідей жұмыс істеп кетуіме үлкен пайдасын тигізді. Оның үстіне мейірімді, жылы жүректі жазушы Талаптан Ахметжанға кез келуім «жақсымды асырып, жаманымды жасырып» қолдаушылық танытты.
Жұбайым екеуіміз 5 жастағы ұлымыз Өркен мен 3 жастағы қызымыз Нұркенді жетелеп, шекарадан өткеміз. Одан бері де 17 жыл… Өркен жоғары оқу орнын бітіріп, жігіт болды. Қызым КазҰУ-дың студенті. Олар мен секілді жартылай адам емес, Тәуелсіз Отанның өз түлегі ретінде өсіп келеді. Таза қазақы тәлім-тәрбиемен қазақ мектебін оқып бітірді, сонымен бірге менің тісім батпаған орысшаны меңгеріп алды. Осыларды сезінген сәттерімде алғашқы қиын кезде елге жеткенімді мақтаныш сезінемін.
КҮНДЕЛІККЕ СЫР АЙТҚАН КҮНДЕР
– Жұртқа жария ете бермейтін сүйікті ісім – 30 жылдан бері күнделік жазып келемін. Күнделік жазу менің қаламнан, қағаздан алыстап кетпеуіме септігін тигізіп, жазушылық деген жағалауға байлап ұстады. Ол нағыз көркем әдебиет болмағанымен, көңіл түкпіріндегі көп ойдың ортаға шығуына себепші. Күнделік арқылы іш босатып, жүрекке түскен салмақтан жеңілдеп отырдым. Өзгелерге өсек айтып кетуден сақтанып, ақ қағазбен сырласып, алдағы күндерден үміт күттім. Соңғы кезде сол күнделіктерден «арғы бет пен бергі бетті» толғайтын 25 дәптерді реттеп, қайта тергізіп қойдым. Қарап отырсам, небір қызық оқиғаларға кездескенімді енді білім жүрмін. Бұл күнделігім алыстағы ағайынның Отан құшағына оралудағы арман-тілектері, бұралаң жолдары, кездескен қиындықтары, шектелген шекарадан өткен өмір іздері екен. Тәуелсіз елге табан тіреген алғашқы сәттердің әурелеңі, орыс тілін білмей опынған кездер, баспанасыз жатақхана жағалап жан сақтаған сәттер көрініс тапқан екен. Әлем тілдері университетінің сол кездегі ректоры, бүгінгі мәжіліс депутаты Әділ Ахметовтің жылы қабағы мен сияқты сергелдеңге түскен сегіздің басына пана болған кездері де күнделік бетінен көрінеді…
КӨРКЕМ МІНЕЗ – АДАМДЫҚТЫҢ АЙНАСЫ

– Оңашада болсын, көптің арасында болсын, бір ғана ой – адам боп, келген соң, адам боп өмір сүру, құл екенімді мойындап, бір құдайға құлшылықтан танбау. Алғашқы кезде жазған бір шумақ өлеңім есіме түсіп тұр:
– Тарта берем, мен алға, тартып келем,
Ажал атты қорғанға қамалғанша.
Ел тағдыры жолында артық көрем –
Өмір сүру, өлуді адамдарша…
Аллаға мың шүкір, бастан қандай бір істердің өткеніне қарамастан, өкінішім жоқ. Алла өмір берді, өсірді, ойлаған ойға, жүрген жолға жеткізді. Осының өзі – баға жетпес байлық. Әрбір атқан күнді көру, мынау ғажайып дүниенің хикметін сезіну, иемді танып, иелігіне кіргенім – сарқылмас қуаныш.
– Ақын деген – ағыл-тегіл төгілу,
Қажет болса, қан майданда тіліну.
Адамдардың көңілінде көмілу,
Әрбір атқан таңдар сайын тірілу!
Бес күндік сынақ өмірде сақтаушымның назарынан тыс қалмауға бекіндім. Біреу мені жақсы көрсін десем, алдымен оны жақсы көруім керектігін, біреу мені сыйласын десем, алдымен оны өзім сыйлауым керектігін түйдім. Өзгеге өзіңе тілегендей жақсылық тілемейінше, шынайы сүйіспеншілік ешқашан қалыптаспайды. Ынтымақ пен ырыстың бастау көзі – көркем мінезде, ал көркем мінез – адамдығымыздың айнасы.

Қаншайым Байдәулетова

Шыңғыс Айтматов шуағы (Аға-дос туралы эсселер)

Мұхтар Шаханов   

Сексенбай мен Тоқсанбай тудыру проблемасы

2007 жылдың мамыр айында Малайзия мемлекетіне жүргелі тұрғанымда Бельгиядан Шікең телефон соқты.

Жолсапарға шыққалы жатқанымды білген соң: «Егер мүмкіндік тапсаң ол елдің қазір зейнетте жүрген бұрынғы Премьер-министрімен жолығуға тырыс. Өте парасатты адам. Қазір өзің жиі көтеріп жүрген ұлт, тіл проблемасын ол кісінің қалай шешкеніне назар аударып көрші», – деді.
Екі күн бұрын Астанада, Парламенттегі қабылдау бөлмеме жасы 83-ке көтерілген бір қарт кісі келген-ді. Қала маңындағы шаруашылықтардың бірінде тұрады екен. Маған әкелген қымыз толы месін парламенттің жіті көз сақшылары өткізбей жатқандықтан, ақсақалдың өтініші бойынша оларға телефон соғуыма тура келді. Қарт өте әбжіл қимылды, ұлтжанды адам екен. «Бәйбішем жеті жыл бұрын қаза тапты, – деп ол әңгімесін бастады. – Шыңғыс Айтматов екеуіңіз жазған кітапта Сіз жүзге жақындаған Жамбыл ақынның үйленбекші болғанын, оған облыс, республика басшылары қарсы шығып мүмкіндік бермей қойғанын, кейіннен Жамбыл ауырып қалғанда көңілін сұрай барған әлгі басшылардың өздері бір ыңғайсыз жағдайда қалып, өкінгенін суреттейсіз. Менің де денсаулығыма қарап, құрақ ұшқан келіндерім жоқ емес, бірақ әр қарт адамда науқастанған шағында тек жұбайы ғана араласа алатын мәселелер болады. Тура соған жақын оқиға өз басымнан өтті. Не керек, ері қазаланып, жесір қалған бір келіншекпен тағдыр қостым. Жылға жетер жетпес уақытта, қошқардай Шыңғыс атты ұлды дүниеге әкелді. Біреулер «бұл сексеннен асқанда көрген перзентіңіз, сондықтан нәрестенің аты «Сексенбай болсын» деген де ұсыныс айтты. Көнбедім. Жұбайым менен 46 жас кіші. Бірақ, құдайға шүкір, өзін менімен өте бақытты санайды. Алғашында әйелім егіз ұл туса бірінің атын Шыңғыс, бірінің атын Мұхтар қоямын деп жүргенмін. Келесі ұлымның аты сөз жоқ Мұхтар болады. Мұны Шыңғыс екеуіңізге деген үлкен құрметімнің белгісі деп қабылдағайсыздар. Ал, сонша жерден қымыз көтеріп әкелген себебім, күні бүгінге дейін терең мән берілмей келе жатқан қымыздың дара қасиетін сізге ұқтыра түссем деген ой еді. Өйткені ұлт, тіл жөнінде туған халқының ұлтсыздарымен кескілескен күрес жүргізіп жатқан адам, өзінің денсаулығы жағынан да қарсыластарынан әлдеқайда биікте тұруы керек деп есептеймін».
Шікең екеуіміздің есімімізді дүниеге жаңа келген егіз ұлдарына қатар қою Қырғызстанда да, Қазақстанда да бірнеше дүркін кездесті. Ол жөнінде газеттер де жарыса жазысты. Тіпті бір қырғыз ақынының:

«Екі халық достассын,
Қазақ пенен қырғыздай.
Екі жігіт достассын,
Мұхтар менен Шыңғыздай» деген жыры да қырғыз жұртына белгілі. Әрине, бұл арада Айтматовтың бүкіл әлемді мойындатқан дара даңқы, ал менің қазақ пен қырғыз арасындағы елдік, ұлттық мүдделерге дамылсыз ден қойғандығым әсер етсе, екіншіден, екеуміздің ел арасына кең тарап кеткен, бір-бірімізге деген шынайы бауырластық, достық ықыласымыз сеп болса керек.
Малайзияға жүрер алдында өзіммен сапарға бірге шығатын Марат Сәрсенбаев деген Қазақстандағы «Халал» комитетінің төрағасына, қымызды өзінің күнделікті тағамына айналдырып, 83 жасында Шыңғыс атты ұл тудырған қарт туралы айтып ем, ата-салтымызға ерекше құрметпен қарайтын ол Малайзиядағы Қазақстанның Елшісі боп қызмет атқаратын Мұхтар Тілеубердинге он литр қымыз ала барыпты. Өкінішке орай, біз Малайзияда болған шақта Шікең айтқан экс-премьер-министр шет елде жүр екен. Әйтсе де Малайзияның королімен және оның жұбайымен кездесуімнің, тіпті олармен Жетпісбайлар, Сексенбайлар тудыра алатын қымыз құдіреті жайлы әзілдесудің де сәті түсті. Енді сол кездесуіміздің негізінде қарттықты мойындамауға үндейтін, Малайзиядан оралғаннан кейін іле-шала жазылған «Қымыз және қарттық шақ, Малайзия королінің жұбайы немесе Айтматов неге өкпеледі?» деген әзіл өлеңді назарларыңызға ұсынайын:

«Бізбен жарқын амандасты Малайзия королі,
Қимылынан байқалғандай іскерлігі өрелі.
Ал әйелі ұшқын шашқан көзінен,
Әлдеқайда жастау екен өзінен.
Ұлттық тағам әрбір ұлттың мақтан тұтар еншісі,
Екеуіне қымыз құйды Қазақстан Елшісі.
Әдетінше биліктегі сан тәкәппар серінің,
Қымызды олар шетке ысырды, сәл тигізіп ерінін.

Мұндай сәтте ұзақ үнсіз, тілсіз қалу мәнді ме?
Екеуіне қарап тұрып бастадым мен әңгіме:
– Король мырза, біздің қазақ елінде,
Жолы дархан, орын алған сенім, құрмет төрінде
Жетпісбайлар, Сексенбайлар, Тоқсанбайлар тіптен көп.
Содан талай қартымыздың жастық-шағы біткен жоқ.
Шын еркектік көп қанатты, көп санатты, жоталы,
Ері сексен, тоқсан жасқа келген кезде тоқалы
Ұл туса оған Сексенбай деп, Тоқсанбай деп ат берген
Ұлтымыздың шалдарына құдай сондай бақ берген.
Бұл жағынан еліңізде үлгі етердей ғасырға,
Еркек бар ма ұл туғызған сексен-тоқсан жасында? –
Деп сұрап ем, екеуі де жарыса бас шайқады.
– Міне, – дедім, – мына қымыз басқаша әуен айтады.
Қымыз алпыс ауруға ем, дене мұңнан аршылар
Қымыз жалқау шалдардың да еркектігін қамшылар!..

Осы сәтте маған күле, оймен қарап шынайы,
«Кәне, іш» деп ерін түртті корольдің жас жұбайы.
Біраздан соң екеуі де үзгендей бір шідерді,
Қымыз толы нән кесені тартып-тартып жіберді…

Өмір – жарыс, болсын әркез шаттық ұзақ, мұң қысқа.
Қымыз, король жайлы айтып ем аға-досым Шыңғысқа:
– Сен қымыздың елден-ерек құдіретін сұрапыл,
Жетпісбайлар, Сексенбайлар тудыра   алар қуатын
Неге есіме салмағансың жеңгең  жастау кезінде?..
Енді ол істі жалғау жағын  қалдырамын өзіңе.
Қартаймауда жатыр біздің шын еркектік бағамыз, –
Деп көзінен жас аққанша  күлген еді ағамыз.

Жастық рухты сақтап қалу ерлікпен тең ұққанға,
Көп жыл бұрын  Айтматов жетпіс жасқа шыққанда:
– Шалым, қарттық-шақпен,  міне, келіп тұрсыз бетпе-бет –
Деп ем, үш күн сәлемдеспей жүрді маған өкпелеп.

Иә, қарттықты мойындамау ердің басты құралы,
Жастық кімде?  Бақыт соған қайсар мойнын бұрады.
Қайсар, шыншыл еркек қана елдік мүдде шынары.
Өмір мені Айтматовқа іні етіп сынады.
Қазір жасым ұлғайса да, сөнбей өрлік құмары,
Біреу «шал» деп айта ма деп  зәрем ұшып тұрады…»
Алматыда бір топ қонақтармен қымыз ішіп отырып және олардың қолқалауымен осы өлеңді оқығанымда, Шікең:
– Сен менен 14 жас кіші болсаң да қарттықты мойындамау идеясы ортақ мақсатымыз боп қала бергей. Ал мына жырың жұрттың қымызға деген ықыласын бұрынғыдан әлденеше есе арттыра түсіп, Жетпісбайлар мен Сексенбайлардың дүниеге келуін көбейтсін. Өлеңде айтылған ойымды қайталайын. Енді менен қайран жоқ. Бірақ келіндердің рұқсатымен қымызқұмар, қарттықты мойындамайтын қайсар еркектерге жол ашылғай! – деп әзілдеп еді. Сосын ол Бішкекте кейбір қымызқұмар қалталы кәсіпкерлердің едәуір бөлегі екі әйел алуды модаға айналдыра бастағанына тоқталды.
– Мәселен мен біздің Отырардан шыққан, қазір Шымкент қаласында тұратын Байбосын Зұлпыхаров деген жігітті білемін, – дедім оған. – Қайбір жылы өзіңіз Шымкентте болғанда сол азаматпен таныстырғым-ақ келді. Сәті түспеді. Жансұлу, Неля атты екі жұбайы бар. Екеуі де Байбосынға өлердей ғашық. Бір ғажабы екі әйелі де бір-бірін ерекше сыйлайды. Әрқайсысының жеке-жеке отауы болса да, бірінің үйіне Байбосын қонақ ертіп келсе, екіншісі сол арадан табылады және зыр жүгіріп қызмет етеді. Екі әйелден өрбіген перзенттерінің де бір-біріне деген ықыласы, құрметі ерекше. Өзім талай рет екі келіннің өз күйеуіне және ол қадірлеген, сыйлаған адамдарға, тіпті ол ұнатқан заттарға, тамаққа дейін жан сүйсінтер риясыз көңілін көріп риза болдым. Қалай десек те екі әйелдің бір еркекке жарыса ғашық болуы, оған еркек жүрегіндегі жауап сезім жаңғырығының үндесуі, әрі осы қуаттардың бір шаңырақ астында күш жинауы, әлі терең зерттелмеген сала.
– Қап, маған ол жігітті бекер таныстырмаған екенсің, – деп таңдана жымиды Шікең. – Бұл арада екі келіннің өзара ішкі достығы, бірлік қуатына деген ортақ мүддесі салтанат құруы ғажап емес. Екінші жағынан жігіттің өз жанұясын үйлестіру, бірлестіру идеясы іске жақсы қосылған сияқты. Әйтпесе әйелдер табиғатында дәл осындай бірлік өте сирек ұшырасатын жәйт.
– Мен сізге, өзімді таң-тамаша қалдырған бір оқиғаны әңгімелейін, – дедім Шікеңе. – Қызылордада бір еркектің, бір шаңырақ астында, бір-бірімен ерекше татулықта тұратын үш әйелі бар екен.
– Бұл әңгімең сәл-пәл қиял-ғажайып ертегіге ұқсап барады, – деді Шікең күлімсіреп.
– Әңгіменің ерекшелігі де сол қиял-ғажайып ертегіге ұқсауында, – дедім мен. – Нақ осы дәуірде үш әйелді қабат алу және оларды бір шаңырақ астында бірлікте, татулықта ұстап отыру мүмкін емес екені айдан анық. Әлгі жігіт мұндайда бірден алдыңғы қатарға шығатын әйел өзімшілдігі мен пенделігін тұқыртатын мынадай дөрекілеу әдіс қолданыпты. Алғашқы күннен-ақ үш әйелдің бірі күйеуіне өз күндесінің үстінен арыз айтады. Жігіт оны үнсіз тыңдап алады. Сосын үш әйелін қатар отырғызады. Арыз иесінің пікірін қалған екеуінің құлағына жеткізеді. Домбырасын қолына алып Құрманғазының «Кісен ашқан» күйін желдірте орындайды да, «Бірлікке тас ату – сатқындық» деген өзінің қанатты сөзін күй ырғағымен үстемелете қайталап, қамшымен үш әйелін бірдей сықпырта сабап шығады. Келесіде тағы да бір әйелі өзіне ұнамаған күндесінің бірін, немесе екеуін қатар жамандап арыз айтқанда, жігіт тағы да әлгі тәсілді қолданады. Негізінен арыз иесі айыпты болғанымен, қалған екеуінің сол тұста күнәсі жоқ қой. Бұл тек біреуі арыз айтса бітті, «Кісен ашқан» күйінің ырғағымен «Бірлікке тас ату – сатқындық» дей отырып, үш әйелін бірдей қамшының астына алады. Басты идея мынау: Жұбайлары қандай жағдайда болсын бір-бірін жамандап арыз айтпауы керек. Ақырында үш әйел қызғанудан, пендауи көре алмаушылықтан сап тиылып, бір-бірінің адамгершілігіне, рухани парасатына, басқа да жақсы қырларына назар аударып, өзара тату-тәтті күн кеше бастайды. Міне, осындай жанұя бүгінгі таңда Қызылорда қаласында ғұмыр кешіп жатыр. Бұған не дейсіз?
– Кейде қара күштің де бірлікке, ізгілікке, кейде тіпті махаббатқа да қызмет етер кезі болатынын мойындамасқа шараң жоқ, – деп ойлана жымиды Шікең. – Екеуміз бірлесіп жазған кітаптың «Біздің өміріміздегі әйелдер…» атты бөлімінде әлемнің түрлі-түрлі жерінде жұбайлық өмірдегі сан қилы толқулар мен шалқуларға тоқталмадық па? Бәлкім, өмір осындай қайталанбас қызықтарымен мазмұнды шығар… (Бұл арада кітаптың сол Шікең нұсқаған бөлімінен үзінді келтіргенді дұрыс көріп отырмын):
«Айтматов. …Махаббаттың басты тұғыры – тұрақтылық десек, оны өткен ғасырларда әр ұлт пен ұлыс өз түсінігі мен нанымының, діни сенімінің деңгейінде бағалаған. Бағзы дәуірлерден қалған жылнамалар мен тас, қағаз бетіне салынған гравюралардан, қара жер қойнынан табылған саркофагтерден ері өлген жесірлердің өз еріктерімен отқа өртеніп, махаббат құрбандығына айналғанын көреміз.
Тас ғасырының мұндай жантүршігерлік салты жер шарының қай ендігінде де болған. Мәселен, Қытайдың Гайнан аралының тұрғындары қайтыс болған ер-азаматтың үстін жібекпен немесе жылқы, сиыр, қой терілерімен бүркеп, жанына әйелін тірідей таңып, астынан от қойған. О дүниеге жұбайлар бірге қадам басса, жер бетіндегі бақытты тірлігі сол қалпы жалғасады деп сенген.
Мұндай таңғаларлық фактілерді Геродоттың және басқа да көне ғасырлық тарихшылардың жазбаларынан жиі кезіктіреміз.
Көп әйелі бар еркек өлсе, күйеуімен бірге о дүние есігін сүйікті әйелі ашу керек деген ұғым салтанат құрған. Сол үшін де жесірлерінің арасында бір-бірімен бет жыртысуға дейін барған дау-жанжал басталады екен. Өлген адамның достары марқұм тірлігінде қай әйелін қандай дәрежеде сүйіп, құрметтегенін дереу сарапқа сала қояды. Ақыры, таңдау бір әйеліне түседі. Ол әйелдің қуанышы қойнына симай, зор мақтанышқа кенеледі. Сол сәтте әлгі әйелді жақын туысқанының бірі өлтіріп, күйеуінің жанына жерлейді. Өзге тірі қалған жесірлер қызғаныштан іштері күйіп, пұшайман халге түседі. Өйткені оларға күйеуінің соңында тірі қалудан асқан қорлық жоқ болып саналған.
Ежелде Жаңа Зеландия тұрғындарының көсемі қайтыс болса, жиналған ел-жұрт бәйбішесінің қолына арқан ұстатады екен. Ол міндетті түрде орманға барып, өз еркімен асылып өлуге тиіс. Бұл оның махаббатқа деген адалдығын көрсетеді.
Осы тәрізді түсінік пен «ғашықтығын дәлелдеу» салты ертедегі скифтерде, гректер мен литвалықтарда да кеңінен өріс алғанын білеміз.
Ал Сүлеймен аралында тұратын тайпа басшысы көз жұма қалса, қарамағындағы халық оның әйелін тұншықтырып өлтірген. Сонымен қатар басшының жақын тұтқан ағайындары, қызметшілері жедел түрде улы өсімдіктің сөлін ішіп, есеңгіреп, басшы моласының жанына барып, асылған. Өйткені ел ардақтаған сыйлы адамды о дүниеге жалғыз жіберуге болмайды деген түсінік үстем түсіп отырған.
Тіпті кейбір тайпаның бойжеткендері болашақ күйеулері өле қалса, әзір тұрсын деп, тұрмысқа шықпас бұрын мойнына жіп орап жүрген. Ал Фиджи аралындағы сомо-сомо тайпасының атақты қолбасшысы Рамбити теңіз апатына ұшырап, суға кеткенде, соңында қалған он жеті жесірі түгелдей өлтірілген. Намен елді мекенінде біреудің сексен әйелі бірдей құрбандыққа шалынып, айнала қызыл қанға бөккенін жылнама беттері айғақтайды.
Шаханов. Бұл арада, сірә, махаббаттан гөрі, мистикалық консерватизм мен жан дүниенің көрсоқырлығы жайында айтқан жөн шығар, әрі өзі – жан шошырлық нәрсе ғой. Ертеде Африка тайпаларында көсемі, не көсемінің сүйікті әйелі өлсе, қызметші құлдарын да қоса көметін дәстүр болған. Құрбандыққа бас тіккен олар мұны өзіміздің қасиетті парызымыз деп білген. Осындай бір жабайы салт орындалар кезде қапияда жолыққан еуропалықтар өлгелі түрған құлдарға араша түседі. Сонда құлдар: «Көсемімізді о дүниеде кім күтіп-бағады?» – деп, ақ адамдарға наразылық білдіріпті.
Үндістанның найар атты көне тайпасының жұбайлық өмірі өзгелерден тіптен бөлек. Жігіт үйленгенмен, жұбайымен бір шаңырақ астында тұрмайды. Күйеу өз отбасында, әйелі де сол сияқты әке-шешесімен бір үйде тұра береді. Күйеуімен жолығысар сәтті зарыға тосқан әйелі жыл сайын бірнеше күнге ғана балаларын ертіп келіп, ер-азаматының қасында болып қайтуға еркі бар. Ал жиі кездесуге тайпаның дәстүрі, салты жол бермейді. Тіпті бұл масқарашылық болып есептелінеді. Және жұбайлар өмір бойы бір-біріне материалдық жағынан жауапкершілік жүктемейді. Әркімнің күнкөрісі өзінде. Бір қызығы, тайпада айырылысу деген өте сирек кездесетін құбылыс екен. Бәлкім, бұл ұзақ жылдар бір шаңырақтың астында тұрып, жұбайлық өмірдің күнгейлі-көлеңкелі шақтарын бастарынан жиі кешпегеннің әсері шығар.
Сол сияқты даяктардың үйленуі мен ажырасуы да өзгелерден ерекше. Бұл халықтың өмірін жете зерттеген Пьер Пфеффер былай деп жазады: «Мұнда еркектермен қатар әйелдер де ажырасамын деп талап қоюға ерікті. Бұл даяктар өмірінде ешқандай драма туғызбайды».
Бір таңғаларлығы, ерінен айырылысқан әйел екінші мәрте тұрмыс құрса, алғашқы күйеуі олардың құрметті қонағына, тіпті әйелдің кейінгі жарының досына, туған ағасына айналатын көрінеді.
Міне, шуда жіптей шатасқан әртүрлі наным, түсініктің төңірегінде қаншама ұлт пен ұлыстың жұбайлық ғұмыры, азапты махаббаты жасырынып жатыр!»
– Бірақ бір мәселе жөнінде пікіріміз айқын болуы шарт – деп әңгімесін жалғастырды Шікең. – Кейде біреулердің екі немесе үш әйел алғанына үдере қарағанымызбен олардан өрбіген, яғни ата-анасының мейірімін сезініп өскен сәби мен тастанды, ата-анасының мейірімін мүлде сезінбей есейген бүлдіршіннің арасында жер мен көктей айырмашылық болатынын терең пайымдай бермейміз. Бір мысал келтірейін. Жамбыл малдәрігерлік техникумында оқып жүрген кезім. «Коневодство» пәнінен сабақ беретін, Ленинградтан келген қарт ұстазымыз қала сыртына алып барды. Қалың ағаш арасындағы шағын көкорай алаңда арқандаулы тұрған бие мен құлынның табиғатына байланысты сұрақ жауап өрбітті. Сонан кейін демалыс сағаты жарияланды. Бір кезде жақын маңнан мысықтың жан ұшыра, булыға шыңғырған ащы дауысы естілді. Солай қарай бұрылсақ, бір курстас жігітіміз жабайы мысықты ұстап алып, төрт аяғын түгел матап, мойнынан қылқындыра тұзақтап, имек ағашқа асып қойыпты. Әрі өзі соған шаттана, масаттана қарап тұр екен. Қасымдағы бала қалтасынан бәкісін алды да: «Тіршілік иесіне осыншама азап беруге бола ма?» деді де жіпті кесіп жіберді. Мысық топ етіп жерге құлады. Жігіт көзі ақилана ызаланып, қасымдағы баланың алқымына қолын салып: «Бұл сенің әкеңнің мысығы емес қой. Біреудің ішкі шаруасына араласуға қандай хақың бар? Білгің келсе айтайын, кез-келген тірі жәндіктің азап шеккенінен өз басым ләззат аламын» деді. Мен ара түспегенде олардың бұл жағаласуы төбелеске айналып кетуі мүмкін еді. Кейіннен әлгі жітіттің «кез-келген тірі жәндіктің азап шеккенінен өз басым ләззат аламын» деген сөзі бізді сан-салалы ойға жетеледі. Сөйтсек ана жігіт ата-ана мейірімінен мүлде бейхабар, анасы ойнастан туып, көшеде қалдырып кеткен, қашан есейгенше жетім балалар үйінде тәрбиеленген адам болып шықты. Міне, ата-ана мейірімін көрмей өсудің осындай өзіндік қасіреті мен өшпенділігі қатар жүретініне сол жолы тұңғыш рет көз жеткіздім.
– Кеңестер Одағының кезінде мейрімсіздік пәрмені мемлекеттік саясатқа қызмет етті – дедім мен. – Новосибирск қаласында кілең ата-ана мейірімін білмей өскен, мүмкіндігінше тастанды балалардан құрылған әскери топ салтанат құрды. Әрі мұндай қаныпезер топтың бар екендігі жұрт назарынан мүлде жасырын ұсталды. 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы кезінде, билік «Метель» операциясын сынап көру мақсатында осы қаныпезер топты жасырын түрде енгізген еді. Алаңға қарусыз жиналған жастарды аяусыз соққыға жыққан да, олардың едәуір бөлігінің жанын жаһаннамға аттандырған да, қолға түскен жігіттер мен қыздарды алаң шетінде 20 градус аязда, мұз үстіне бірнеше сағат бойына етбетінен жатқызып қойған да, кейіннен оларды бірі шашынан, бірі аяғынан ұстап, үсті ашық мәшинеге, отынға әзірленген ағаш сияқты лақтырған да осы топ болатын. Ата-анасының жүрек жылуын, шуақты мейірімін көріп өскен солдаттар қанша жерден тапсырма алғанымен шектен шыққан зұлымдық қимылға бармайтыны белгілі. Ал мына топ керісінше, ондай жантүршігерлік қимылдан ләззат алады. Отыздан астам мәшинеге сықай тиелген жастарды қаладан 30-40 шақырым жерге алып барып, жігіттерді шетінен соққыға жығады. Есін жинаған еркектердің аяқ киімін шештіріп, кейбіреулерін тырдай жалаңаш күйінде 20 градустық аязда үйіне жалаңаяқ қайтуға рұқсат береді. Қыздарды түгелдей зорлап, «болашақта бала көтермесін» деген ниетпен бірнеше сағат бойына іш киімсіз мұз үстіне отырғызып қояды. Мұндай зұлымдық харекетке кезінде Гитлердің фашистері де бармаған. Себебі, олардың қарамағында Желтоқсанның рухани көтерілісі кезінде өз бетпердесін толық түрде ашқан, ата-ана мейірімінсіз, шуағынсыз, сәулетінсіз ержеткен, кілең жетімдерден құралған арнаулы топ жоқ еді. Қаншама ғасырлар бойына адам баласы онша мән бермей келген, әркімнің жеке шаруасы боп есептелетін, ата-ананың балаға деген мейірім шуағы төңірегінде осындай үлкен қауіпті мүдде бой тасалап жатады деп кім ойлаған?!
2008 жылдың желтоқсан айында Үрімші тұрғындарының шақыруына орай Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиясында болып, үш мың адамдық үлкен залда поэзия кешін өткіздім. Жұрттың айтуынша билет жетпеген тағы сонша адам сыртта қалып кетіпті. Қытай полициясы лек-легімен ентелей ұмтылған жанкүйерлер арасымен әйелім Қаншайым екеумізді қонақ үйге апаратын көлікке дейін әзер алып барды. Үрімші қазақтарының поэзияма деген ықыласы таң қаларлық екен. Олардың арасынан бір емес бірнеше поэмамды сағаттап жатқа соғатын адамдарды кездестірдім. Тіпті поэзиядан хабары жоқ деген жұрттың арасынан бір шумақ жырымды жатқа білмейтін адам табу қиын сияқты. Келесі күні таң елең-алаңда, сағат 7-ге жақындағанда есік қағылды. Ашсам, есік алды топырлаған жұрт. «Аға, біз Қытайдың алыс аудандарынан келген 200-ден астам адам, кеше өзіңізге жақындау мүмкін болмағандықтан, қолтаңбаңызды алып кетейік деген үмітпен, түні бойы ұйықтамай, оянар шағыңызды күтіп тұр едік» деді біреуі. Жасыратыны жоқ, мұндай көзсіз ықыласты еш жерден, тіпті өзімнің туған ауылымнан да көрген емес едім. Амалсыздан поэзия жанкүйерлерін мені ертіп жүрген адамдар бір-бірлеп бөлмеге кіргізіп отырды. Көпшілігінің қолында Үрімшіде бірнеше дүркін басылған «Жаңа қазақтар», «Дәуір дастандары» атты өлең жинақтарым мен Шыңғыс Айтматовпен бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты сырласу кітабы. Бұл кітап мұнда алты рет басылып шығыпты. Кейбір басылымдары тіпті жүз мың данамен тарапты. Жанкүйерлер арасында екі-үш ұйғыр бауырлар да бар екен. «Құз басындағы аңшының зарының» ұйғыр тіліндегі аудармасын тұңғыш рет солардың қолынан көрдім.
Шікеңнің қаза болғанына 5 айдан аса уақыт өткен. Қолтаңба алушылардың басым көпшілігі: «Айтматов ағаңыз әрі досыңыз еді ғой, иманы саламат болсын. Ол кісіні жоғалту бәріміз үшін үлкен қайғы» деп көңілін білдіріп жатты. Шікеңнің барлық шығармалары қытай тілінде әлденеше рет басылыпты және осындағы өзге халықтардың тіліне де молынан аударылыпты. Бұл елде Айтматовты білмейтін адамды іздеп табу едәуір күшке түседі екен. Бір жоғарғы оқу орнындағы кездесуде екі-үш қытай ғалымы жолығып өзінің Айтматов шығармалары төңірегінде диссертация қорғағанын мақтанышпен айтты. Үрімшідегі аға-досыма деген риясыз құрметтің бүгінгі таңда ұлтсыздануға, рухсыздануға бет бұрған қырғыз жеріндегі ынта-ықыластан әлдеқайда жоғары екеніне көз жеткіздім.
Жергілікті халқы 21 миллионнан асатын Шыңжаң Ұйғыр автономиясы өлкелік саяси кеңесінің төрағасы Асхат Керімбайұлы мен Халық Үкіметі төрағасының орынбасары Тілепалды Әбдірешитұлының қабылдауынан кейінгі қонақасыда Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер вице-министрі қымыз толы кесемен қасыма келіп: «Мұхтар мырза, жұмыс барысында араласып жүретін бір-екі қазақ пікірлесім болса да олар маған қымыздың мынандай дара қасиетін айтқан емес. Сіздің өлеңіңіз менің қымызға деген мүлде жаңа құлшынысымды оятты» деді де менімен кесесін соғыстырды.
Өзім қызмет істейтін «Жалын» журналына бір қария келді.
– «Жас Алаш» газетіне жарияланған өлеңіңізді оқыдым. Мен де қымызшылмын, әрі сіздің аға-досыңыз Шыңғыс Айтматов сияқты біреу шал десе өкпелейтін адаммын, – деді ол қулана жымиып. – Жасым сексенге мінсе де жақында нәрестелі болдым. Соны сізге айтып мақтанайын деп әдейі келген бетім еді.
Журнал редакциясында белгілі қаламгер Құдияр Біләл екеуміз Шакизада Сүлейменова деген ұлтжанды қарындасымыздың қолымен қарияға арнап дастархан жайдырдық, нәрестеге «жол болсын» айттық.
– Аға, – дедім біраздан соң қарияға бұрылып. – Қарттар арасында Сексенбайлар, Тоқсанбайлар тудыру дәстүрі кейінгі жылдары шегініске түсіп тұр. Асанәлі Әшімов деген атақты әртіс ініңіз осыдан екі-үш жыл бұрын бір Жетпісбайды дүниеге әкеліп еді, соның өзі еркектер арасындағы үлкен жетістік санала жаздады. Бірақ біз жуырда ол ініңіздің алдына Сексенбай тудыру міндетін қойдық. Енді Сізге де қояр талабымыз бар.
– Егер қолымнан келсе орындауға әзірмін, – деді қария құлшынып.
– Келеді, – дедім мен сеніммен. – Сіз, міне Сексенбайды дүниеге әкелдіңіз. Біздің қазақта Жүзбай деген де есімдер аз кездеспеген. Оның не үшін қойылғанын өзіңіз жақсы білесіз. Енді Сізге жүктелер талап, Сексенбаймен шектеліп қалмай, тоқсан жасыңызда Тоқсанбайды дүниеге әкелсеңіз, сол қуанышқа арналған үлкен тойыңыздың шығынын түгелдей мен көтерер едім.
– Әйелім қаза болғаннан кейін үйленген жеңгең, яғни Сексенбайдың анасы – қазір 36-да. Он жылдан кейін 46-ға шығады, – деді қария басын сипап ойланып. – Бәлкім, жарап қалар. Келістік!
Сөйтіп екеуміз қол алыстық.
Әттең, Шікең тірі тұрғанда ризалықтан әрі шаттықтан бұл әңгімеге көзінен жас аққанша күлер еді.

%d bloggers like this: