-Ғалым,жазушы,қоғамқайраткері Сұлтан ЖАНБОЛАТОВ профессормен тор апара тілдесу
Нұрлыбек Мәуленбекұлы
Нұрлыбек Мәуленбекұлы( ендігіде Н.М.) :
Құрметті Сұлтан ақсақал, сәлеметсіз бе ?
Бүгін сәті түсіп өзіңізбен интернет (интерторы) арқылы тілдесу орайына ие болып отырмын.Ең алдымен Сіздің арнайы уақыт шығарып , менімен сұхбаттаса бастағаныңызға мың да бір рахымет !
Екеуміз де интернеттегі торапта (соған жалғанған комьпютерде ) отырмыз .Былайғы сұхбатымыз осы интерторы арқылы болатындықтан , алғашқы сөзімізді де осы интертор дүниесінен бастасақ деген ойдамын .
Сіз әбден білесіз , интернеттің ең алғашқы негізі өткен ғасырдың 60 – жылдарында қаланғанымен ,соңғы 30 жыл ішіндегі дамуы адамды таң қалдырарлықтай өреге көтеріліп кетті.
Еліміздегі етек алуын өткен ғасырдың 90 – жылдарының басынан бастап есептеген күннің өзінде де , соңғы кездердегі даму өресі дүниенің алдыңғы легіне өте бастады.
Ал , сіз ,әсілі мамандығыңыз радио-электроника (демек комьпютер техникасы емес ) тұра ,сонау 80 – жылдардың өзінде –ақ көмьпютер техникасы жөнінде құнды еңбектер (« Комьпю- тер принсиптері » деген кітабыңызды және ‹‹Байырғы бармақ санаудан ендігі есептеу машиналарына дейын ››, ‹‹ Электрөнды есептеу машинасы арқылы ханзушадан түркі тілдеріне аудару жайында ›› ,т.б. монографияларыңызды) жазумен қатар , кейнгі кездерде де интернет туралы ғылми пікірлерді ортаға қойып келесіз .
Сондықтан сіз алдымен интернет және оның маңызы мен ел іші-сыртындағы етек алуы туралы хабары шамалы жұртқа мағлұмат бере кетсеңіз .
Сұлтан Жанболатов( ендігіде ,С.Ж.) :
Айналайын ,өзіңе де рахмет ! Өзге емес ,екеуара сұхбат арқылы жұртымызға білгеніміз тарай берсін деп отырсың ғой .Жақсы ниет .Сондықтан бұдан бас тартуға ,қаншама асығыс болсам да ,ақылы емеспін .Өйткені бұл сала біздің жұртқа әлі де бейтаныстау ,дәстүри құрал ( дағдылы баспасөз бен ахбарат құралдары ,яғни әдеттегі БАҚ ,пошта ,қалам мен қағаз ,…) дәрежесіне көтерілгені жоқ .
Төте сұрауыңа,талабыңа бұрылсам ,меніңше былай :
Интернет – әлемдік кітапхана !Интернет – комьпютерлік желілердің (өрмектердің немесе торлардың ) ахбарат алмасуға арналған бүкіл әлемдік қауымдастығы .Былайша айтқанда , телекоммуникация ( телеком,电信 ) арналары арқылы өзара мәлімет алмасатын әр алуан аумақтағы комьпютерлік желілердің бір – біріне жалғанған әлемдік торы .
Бүгінгі дүниеде не көп желі (тор) көп .Мысалы жергілікті (бірер мекеме көлемінен асбайтын ) желі ,аймақтық (ұзаса бірер аумақ не елмен шектелетін ) желі ,корпоративтік (ұйымдар тобына қарайтын ) желі ,ауқымды (бүкіл жершарына тарай алатын ) желі деген сықылды .Дүниеде ауқымды желілер де көп және әр алуан .
Соның ішіндегі ең танымалдысы – интернет – жер шарын қамтып жатқан бүкіл әлемдік ахбарат жүйесі.Интернет – бүкіл әлемдік информация байлығының (ресурсының) жиын- тығы , сан-санақсыз шағын өрмектерді (торларды ) өзара жалғаудан шыққан логикалық ,органикалық алып тор .
«Интернет» дегендегі «интер» – ағылшынның бір-біріне бағытталу мағынасын беретін күрделі сөздерінің бастапқы бөлігі .Мұны хән тіліне « хулиән» (互联 ,өзара жалғанған ) деп аударған .Ал, «интернет» дегендегі « нет » ағылшынның тор ( басқаша айтқанда,Web ) деген сөзі ( торап емес ).Бұл хән тіліне «уаң» (网,тор ,өрмек ) деп аударылған.Демек интернет деген , бізше , бір-біріне ұлаулы тор .Сондағы бір тордың ішіндегі бір түйін (торап) менің комьпютерім болса ,екінші бір тордағы бір түйін сенің комьпютерің .Интернет – хәнше айтқанда ,хулиәнуаң (互联网).Ол шынында да бүкіл әлемге (World) далиған( Wide ) желі (Web) немесе өрмек ( net) .Интернет 因特网(дыбыстық аудармас) ,国际互联网, 国际交互网 (мағыналық аудармасы)деп те аталып жүр .Хән иероглифтерінің өзге тілдегі сөздерді сол бетінше дәл білдіре (айна қатесіз жаза да , дыбыстай да) алмайтыны , сондықтан бұл халықтың амалсыздықтан ондайды не ғұрлым өзіншеге аударып ,жасап алуға мәжбүрлігі хән тілін білетіндерге аян .Кез келген ұлт тілдеріне икемі бар ,аса қабілетті қазақ тілі мұндай амалсыздыққа еліктемеуі керек . Шымқай қазқшалау науқаны , беттік жағынан ұлтжандылық болып көрінгенімен ,ісжүзінде терминдері- мізді озық ұлттардікінен алшақтату арқылы тілімізді былайғы ұрпақтан алыстатады .Өйткені ендігі ұрпақ озық ұлт тілін білмей тұрып озықтардан оза алмайды .Бұл дегендік – бәсекелі заманда өзгеге бөзек бола беру
Интернет өзің айтқандай қырық жылдық тарихқа ие .Алғашында ,АҚШ та ,1969-жылы сол елдің қорғаныс минстрлігінің тапсырмасы бойынша ,оқу орындарын ,әскери орындарды ,әскери мердігерлерді бір-біріне жалғайтын Арфанет желісі дүниеге келген болатын .О баста бұл зерттермендер ара ахбарат ауысуды ,ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасауды зерделеуді ғана мақсат еткен .Кейін келе өзге желілер туылды және бұлар ортақ хаттамалар негізінде бір-біріне жалғанды .Сөйтіп қырық жылдық дамудың арқасында бүгінгі интернет дниеге келді .
Интернет бүкіл әлемге ғажайып тамаша орай әкелді .Энергиядан кейінгі маңызды орынды ұстады .Қазір оны тиімді ашу мен толық пайдалану әлеуметтік және экономикалық дамудың маңызды қозғаушы күші болып отыр .Интернет адамдардың өндіріс ,қызмет ,тұрмыс ,үйрену ,…тәсілдерін де өзгертуде .Өйткені :
А. Интернет уақыт-кеңістіктік қашықтықты қысқартып , информацияның таралуын мейлінше шапшаңдатты ;
Ә . Дәстүри өнеркәсіптің өндіру тиімділігін пәрменді көтеріп ,тұтыну сұранысын мықтап сүйреді де ,экономиканы дамытты ;
Б . Әр қатпардағы мәдени ауыс-түйісті күшейтті .
Сонымен бұл бүкіл әлемдік далиған өрмек (WWW) деп аталған қызмет түрі кең тарала бастады .Қазір ол өз көлемін жыл сайын еселеп арттырып келеді .
Интернеттің құдіреті бес нәрсеге табан тіреп тұр :
1 .Адамзаттың бүгінге шейін жиған білім байлығы мен соңғы жаңалықтары ;
2 .Телеком (телефон ,радио ,теледидар ,жасанды жерсерігі , кабел ,…);
3 .Хаттамалар (келісімшарттар топтамасы );
4 .Тұтынушылар белсенділігі .
Соңғы жылдары ғылым мен техниканың ,мәдениет пен экономиканың ,әсіресе комьпютер ,интернет ,коммуникация техникаларының қарыштап дамуы салдарынан ,адамзат қоғамының өнеркәсіптік қоғамнан информациялық қоғамға өту жағдайының барған сайын айқындалуынан ,адамдардың информациялық санасы ,информациялық ресурстарды ашу мен қолдануға мән беруі өрлей түсті .Бұл интернетке қосылған комьпютерлер санының әр жылы еселеп артуынан-ақ байқалады .Ол 1994- жылы 3 миллион 200 мың ғана болса ,бұл ғасыр басында 100 миллионға секірді (бір миллиарттан астам тұтынушы деші !) .Бергі сегіз жылда тіпті көбейгеніне сене бер .
Жұңгода интернет 1993–жылдан бастап қатты дамыды . Әу дегенде төрт зор қауымдық датаның (санды мәліметтердің ) коммуникациялық торы дүниеге келді .Мұның алдында (1986-1993 ж ж) зерттеу ,сынау істері жүргізілген болатын . 1994-1996 жылдары ол іске ресми кірісе бастады .1997 – жылдан бері зор қарқынмен ілгері басты .Тұтынушылар еселеп артты . 2001- жылы интернетке енген комьпютер саны 10 миллионға шыққан екен ( тұтынушылар саны 26 миллион !).Қазір бұл сан әлде неше еселеніп кетті .Биыл ресми санақ орындары торшылар саны 260 миллионға шықты деп жариялады . Екеуміз осының ішіндеміз .Даму мен жалпыласу қатты тез кетіп барады . Өйткені оның абзалдығына көз жетіп , ол туралы таным жоғарылады ;Елдің әл-ауқаты оңалды ; Комьпютер бағасы үздіксіз түсуде ;Интернетке шығу ақысы үздіксіз төмендеуде ;т.б.
Өзің де байқап жүрген шығарсың .Бүгінде комьпютер енбеген тұс аз . Бұл туралы мен бір лекциямнан мынадай үзіндіні оқып берейін .Бұл жаңа сен айтқан бұл өңірден хабары шамалы азаматтарға азынаулақ пайда берер .Онда мен былай деген екенмін : « Комьпютер деген , латыншадан келген , ағылшынша есептеуіш мағыналы сөз .Бірақ калкулатордан ( есептеуіш ,计算器) парықтау үшін соның өзі пайдалануда . 1945-жылы АҚШ математигі Жон Фон Нейман (1903-1957) ЭЕМ нің (электрондық есептеу машыинасының ) құрылымдық тағанын қалады .60 неше жыл ішінде бұл тез қарқынмен дамып , бүгінгі деңгейге жетті .Комьпютер атауы өткен ғасырдың 90-жылдарына келгенде ЭЕМ атауын ығыстырып шығарды . Соңғы жиырма неше жылда комьпютер есептеу орталықтары- ның экзотикалық (жателдік ) жабдығынан қалың жұрттың күнделікті жұмыс құралына айналып келеді . Былайша айтқанда , электр жүйесі ,қатынас жолы сықылды инфрақұрылымдық (基础实施) орынға шықты .Мұны банктерге , ауруханаларға , оқу орындарына ,ірі дүкендерге кіріп жүргендер мен көзқарақты жандарға айтып отырыудың өзі артық .Бұдан кейін ол өмірдің әр саласына тіпті де ене түседі . Соның бірі – онің интернеттегі рөлі .Комьпютер – интернеттің жүрегі .Бірақ интернетке кіру ,одан пайдалану үшін комьпютер маманы болу талап етілмейді .
Интернетке кіру үшін мынадай дайындықтар қажет :
А .Сіз тұрған жерде интернеттік желі қызметін ұйымдастырушы – провайдер (қамдаушы ) болуы керек .Мұны бізде телеком ,теледидар сықылды салалар атқарып жүр .Телефон барған жерде бұған бөгет аз .
Ә .Үйіңізде кабелді (сымды ) телефон не теледидар болуы шарт (радио телефон сықылдылар қымбатқа тоқтайды ).
Б .Лайықты комьпютер аласыз .
В .Сосын әлгі қамдаушының тижарат орны арқылы тіркеліп , комьпютеріңізді интернетке қосқызасыз .Қажетті нәрселерді (мысалы модем сияқтыны ) солар әкеліп ,техникалық шаруасын тындырып береді .
Г .Комьпютердің мықты маманын іздемей-ақ ,интернетке жиі кіріп жүрген біреуді шақырып ,азырық сауат ашасыз да ,қалғанын практика барысында толықтап кетесіз .
Демек ішкі әлемі керемет сырлы бұл дүние қарапайым тұтынушы үшін соншама қиын да ,алынбас қамал да емес» .
Н.М. : Енді ұлтымыз азаматтарының интернетке бет алу ауқымы жайына аялдай кетсеңіз . Қазір, районымыз көлемінде , қазақ төте жазуын қолдайтын торбекеттері ( вебсайттар, 网站) мен жекелік сайттар , блоктар (博客), беттер (主页 ) үздіксіз көбейіп келеді .Сіз уақыт шығарып , соларды шолып тұрасыз ба ? Жалпы ,қазақ төте жазуымен құрылған торбекеттерінен қандай артықшылқтар мен жетерсіздіктерді байқап жүрсіз ?
С.Ж. : Рас айтасың .Бұлар үздіксіз көбеюде .Тіпті адам қуанарлық бет алыста .Мен ең алғаш рет Бейжіндегі жастардың өткен ғасырдың соңғы он жылдығының басын ала бастаған « Ауыл» атты торбекетіне араластым .Оған қаржы шығарып ,бас болған Асқар Әнуәрұлы ЖАКУЛИН дейтін дарынды жас болатын .Көп шаруаны соның тобы тындырды .Мен тек ІКА дейтін латынша қазақ әліпбесін дайындасуға қатыстым ,қазақ шежіресі жайлы ,қазақтану жөнінде мақалаларымды бердім.Асан Шат дейтін қаламатыммен сұхбаттарға қатыстым , …Кейін бұл бекеттегі,бұл ғана емес кей өзге бекеттердегі сұхбаттарда да (менің блогымдағы сықылды өзгеден түпнұсқасын өзгертпей көшіріп жариялаған ханзуша мәтін сықылдыларды айтып отырғаным жоқ,төл туындылар мен өзара сөйлесулерін айтам) ханзуша басым орынға шығыңқырап, ана тіліміз қағылыңқырағандай әсер бергесін ,сол бекеттерге атбасын тіреп жүрген аз санды кей торшыларға ( 网民) өкпеледім де ,көп араласпай кеттім. Өте аз санды шалабурыл шайма жастарда ханзуша сөйлей алу мен жаза алуын жетіскендік балап ,модыға айналдырып ,өз ана тілін өгейсіту , оған мұрнын шүйіре қараушылық бой көрсете бастағандай әсер береді .Бәлкім менкі жаңсақтық та шығар . Дегенмен әлемде не көп ,ханзуша вебсайт көп қой .Ханзуша тор бекеттерін көбейтуге жанын салу бос әлек емес пе …
Қазірде мен ең кемінде « сен-қазақ » ,« парасат », « тамшы », « қазақсофт », « тұлпар », « тоғыс », «тоғыс» , «азаматтар сұхбаты », «ауылым » , « ауыл » , «болашақ», «қайнар», «қазақ арулары» сықылды торбекеттеріне ,блогтарға күнде десем өтірік болар ,аралап соғып тұрамын .Алдымен бұларды дүниеге әкелудің өзі зор артықшылық ;Бір топ жастың қаржысы мен уақытын қиып мұнымен айналысқанының өзі зор ұлтжандылық ;Оған ана тіліміздегі көп (тарихи ,әдеби , этнографиялық , т.б. ) мазмұндарды шығарғандықтарын қос ; ұлттық ән ,күй , фотосуреттер қаншама ; қызмет өтеу жағы да аз емес ; дизайнерлік(әсемдеу) жағы да тез көркейіп келеді ;… Көш жүре түзеледі ғой .Әлемнің алдына өте шықты деуден аулақпын .Олқылық жоқ емес.Кей бекеттерде емлелік қателіктер көбірек ,әсіресе крилл жазуымен берілген мәтіндердің қателігінен аяқ алып жүре алмайсың (і мен ы,ө мен о ,ә мен а сияқтылар ауысып жатады .Үлкен әріп пен кіші әріптер орынды қолданылмайды.т.б.).Мұны кей қандастарымыз ,жығылып жатып (төте жазуды мүлде білмей тұра),сүрінгенге күлуге айналдырады (сауатсыздық деп санайды ) ; Кей сұхбаттарда әдептен озу сықылды беймәдени қылық та байқалады .Мұны менен гөрі сен жақсы байқайтын шығарсың .Айлап жаңа мазмұн қосылмайтындары да кезігеді.Ондайды ұят болмауы үшін жаба салған да жөн шығар .Ал ,төте жазудың өзіндік олқылығы өз алдына ( әлемдегі қазақтың 90 пайызы төте жазуды білмейді , ішінара білетіндерінің комьпютері оны қолдамайды .т.б. ).
Н.М. : Мен сіздің жекелік « Елжау Күнби » атты блогыңызды (адресі http://janbolat.myanyp.cn/blog/ ) үнемі шолып тұрамын . Қазірге дейінгі байқауымша , сіз әр күні дерлік уақыт шығарып , жеке блогыңыздың мазмұнын толықтап отыруға ұмтылады екенсіз .Бұл арада , менің сізден сұрайын деп отырғаным – жасыңыз жетпістен асқан осы түста ,сізді көмьпютер алдына әкелетін қандай рухани күш бар ? Сіздің әр күнгі жұмыс рижіміңізде көмьпютер алдында өтетін уақытыңыз қалай орналастырылған ?
С.Ж. : Блогымды шолып тұрғаның ,мән бергенің ,пікір көтергенің үшін рахмет ! Бұл блог та – менің туындым ,тіпті іштен шыққан шыбар жыланым емес пе …Сондықтан ,күнде бұрыла алмасам да , жиі ашып тұрамын .Менің замандастарымның талайы ұлтқа майлық та ,сулық та ,тіпті сүрткіш те болуға дағдыланды ғой.Өйткені біз зиялысы аз кезеңде іске кірістік .Сол ғадет бойынша, әу баста, ұлттық тіліміздегі интернет әлеміне бір тамшы үлес болсын деп қолға алдым .Кіріскен сайын қызықтым .Сүйегіме әбден сіңген ағартушылық тұлғама бұл қара доска сықылданған соң , мазмұнын кеңейте түстім .Әр күні жүздеген ,тіпті мыңдаған (кеше 2600) торшы келіп – кетіп жатқанын көргенде, жауапкершілік дейтін сезім қозды.Ол әрине әрі сапалы қыл ,әрі келген торшының үмітін үзбе дейді емес пе ….Сонымен өз шығармаларымды жариялауды басты мазмұн ету деген алғашқы ойымнан сәл қайтып ,әлемтордағы жұрт біліп қалсын деген дүниелерді енгізуді басты орынға шығаруға мәжбүр болдым .Оның үстіне бұл ,мысалы блогымдағы «мазмұн» ішіндегі «білім» айдары ,маған да бір білім қамбасы болайын деп келеді .Бұл жағы тағы бар .Сен сұраған рухани күш осылардан туындайды .
Мен тәңертеңгіліктен соң (ханзуша мен криллшені комьпютермен ,төте жазуды қаламмен ) жазуға отырамын . Түстеніп алғасын сәл ұйықтап дем аламын .Сосын тағы бірер сағат қана жазуым мүмкін .Одан кейінгі уақыт дене тірбиеге , газетке , телехабарға ,…кетеді .Кешкіліктен кейін ғана комьпютер алдына келем. Қазақ « жетпісте жер таянбай тұра алмайсың , … » деген ғой .Қате емес .Оны мына орындыққа дағдыланып алғандар сезе бермейміз . Бірақ кәрілік жан рахатын күйттеуге жетектесе қатты қателестіреді .Өмірге қуат қозғалыстан келеді .Қимылдау да ,ойлау да ,жазу да – қозғалыс .Жас ұлғайғанда, ең қорқыныштысы – уақытын өткізе алмау! Ал мен уақытымды жеткізе алмай әлекпін . Сөйткен сайын мына дүние тіпті қызық , мына өмір тіпті тәтті болып барады .Бәлкім өмірге махаббат деген осы шығар .Иләйім сендердегі өмірге ,ұлтқа ,елге деген махаббатты мендегіден сан есе артық қылсын !Сонда әлде қайда көп жасайтын , кәртейсеңдер де қайраттан айрыл- майтын , ұлтқа мол сый тартатын боласыңдар .
Н.М. : Жақынғы жылдардан бері тұтас еліміз көлемінде жұңхуа ұлттарының ‹‹ бей заттық мәдени мұраларын қорғау›› (保护非物质文化遗产 ) қызметі қызу етек алып отыр .Хабарларға қарағанда, ұлтымыздың бір қаншалаған бейзаттық мәдени мұралары қатарында ‹‹ 62 қоңыр››да бұл қорғауға алынған екен .Кезінде , сіз осы ‹‹62 қоңыр ›› туралы » бөтен » пікірде болған едіңіз , қазыр сол кездегі ойларыңызда өзгерістер болды ма ? ‹‹ Бей заттық мәдени мұраларды қорғау ›› сынды бұл қормал қаулыдан біз қалай игіліктенгенуіміз тіиіс ?
С.Ж. : Менің ойымда еш қандай да өзгеріс болғаны жоқ,өзгеріс қоңыршы бауырлар көзқарасы мен харекетінде болды .Қысқа қайырғанда, олар алғашында (бірінші саты) осымен аттас бір мұраны іздеді .Одан бір жапырақ дерек табылмағасын ,(екінші саты )қолдан жасамақ болды .Мен осы кезде мақала жазып ,қолдан жасауға болмайтынын бүкпесіз айттым .Артынан олар (үшінші саты ) талқылай келе ,мұраны қолдан жасауға болмайтынын таныды ма жоқ па ,әйтеуір бүгінде қолда бар ән-күйлерді жыйып ,реттеп ,құрап «62 қоңыр» міне деуге келісіпті .Қазір қорғауға алуға ұсынылған дүние осы .Бұл үшінші сатыға мені шақырғаны жоқ,мен де тіс жармадым . Бұдан былайда да сөйтемін .Білетін азаматтар ғой .Ұятқа қалатын іс тумас .Істеріне сәттілік тілеймін !Мұның алдындағы ана екінші сатыға айтқаным айтқан .
Менің екінші сатыға қарата айтқан ойымды дұрыс та толық түсіну үшін менің «Оу…мына жұрт не дейді ?» деген мақаламды қайталай оқу керек .Ол Шинжяң халық басбасынан былтыр жарық көрген « Толассыз туған толғаныстар » атты кітабымда ( мақалалар жинағымда ) тұр .Алғашында ол ана жылы « Мұра журналында » жарияланған болатын .
Мұны оқу барысында мына түйіндерге баса мән берсе ғана менікін дұрыс түсінеді :
А .Шынына келгенде ,62 қоңыр туралы бүгінге дейін бір де дерек жоқ . Бұл менің емес ,Ахметбек Әнуарбектің « Шинжяң газетінде » жариялаған мақаласындағы сөз .Онда ол : « Бұдан бұрын бәріміз 62 қоңырдың бірер қоңыры барғой деп көп үміттеніп құлақ түріп ,сұрау сала жүрдік .Алайда іздеу мен зерделеуге қарағанда ,дәл қазірге дейін дерек байқалмады » деген болатын .Асхат Керімбай төраға өз сөзінде «62 қоңыр қай ғасырда дүниеге келген және қай кезеңге келгенде қалайша ұмытылған ?» деген екен .Бұл әрі Ахметбек сөзін растай түседі ,әрі асықбай – аптықбай зерделеуге тиісті ауыр міндетті алға тартады .Бұған армай-талмай кіріскен жанды да ,ол тауып шыққан жауапты да көрсем бұйырмасын .Демек бұл қоңырдың тарихта болғанын да ,болмағанын да жұрт иланарлық дәлелдеген еш кім жоқ .Қысқасы бүгін ондай дүние жоқ ,бұрын ол болды деген күнде де «белгісіз заманда ұмытылған ». « Мұра – ежелден келе жатқан мәдениет ,салт-сана ,дәстүр нұсқалары » ( « Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі » .7- том .254- бет ). Бізге ежелден келе жатқан дүние кезікпеді !
Ә .Мұраны қолдан жасауға болмайды . Сонымен қоңыршы бауырлар оны қолдан жасауға кіріседі .Бұл – менің сөзім емес ,сол бауырлардың төл сөзі,сол екінші сатыдағы шынайы қылған ісі.Осы сатыда дайындалған бес қоңыр кітабының алғысөзінде тұрған: « Біз осы жоба негізінде қолыңыздағы бес қоңырды жасап шықтық »деу бұған дәлел .Ол бес қоңыр кітабының ішін ақтарсаң қолдан жасалғанына көзің тіпті жетеді .Дәл сол тұста үйге келе қалған Ахметбек бауырға мен: « Мынау мұра саналмайды .Бұл – коллектив шығармашылық . Жақсы шықса әрине қолдаймыз » дегенмін .Жоғарыдағы мақалам да сол тұста жарық көрді .
Енді мына үшінші саты туралы менен сұрамай-ақ қой .Сол ағаларыңнан сұра .
Б .Шындық пікірлер қақтығысынан туады . Бұл мәдениеттен біз кемшін күйде келеміз .Қоңыршы бауырларымның кейі мен көтерген (жоғарыдағы мақаладағы) пікірге бола едәуір өкпелепті .Әсілі разы болуға тиісті еді .Амал не …
Дың Шяупиңнің « Сынға жол беріледі ,сынға қарсы сынға да жол беріледі » дегенін білетін шығарсың .Оған мыналарды қосып қой : « Күшіңе сенбе ,адал ісіңе сен » (Мұхтар әуезов) , « Тіпті ұсақ-түйектің өзінде де шыншыл болу керек » ( М. Горки ) , « Сараңды – ақшамен ,такаппарды – өтінішпен , ақымақты – жорта қостаумен , дананы – шыншылдықпен жең »(Ежелгі үнді нақылы ).менің әр нәрсеге қаратылған ойым осы сықылдылар негізінде туындайды .
Ал бейзаттық мәдени мұраларды қорғауға қатысты заң-ережелерден қалай игіліктенеміз дегеніңе келсек ,бұл туралы мамыр айында бір мемлекеттік жыйын да сөйлемекпін. Бұл сол сөзімде бар .Ханзуша .Сол жарияланғанда жауап табарсың .
Мына екі хабарды оқығынмын.Сен де оқып қой :
(1)2009年 2月17日,记者从新疆伊犁州“六十二阔恩尔”研究学会了解到,伊犁州研究哈萨克族六十二阔恩尔汉、哈文专著《阔恩尔阿湾》今年1月由伊犁人民出版社正式出版发行。
《阔恩尔阿湾》编委会主任阿合买提别克.安尼瓦尔别克介绍,本书从去年初开始搜集整理,共分五部分。第一部分为著名民间音乐家,共介绍十一位民间音乐家;第二部分为阔恩尔乐曲,共介绍了42首乐曲;第三部分为阔恩尔乐曲传说,共介绍了11个传说(哈文15个);第四部分为阔恩尔歌曲,共介绍了11首歌曲;第五部分为研究文章,共介绍了四篇文章(哈文17篇)。
“六十二阔恩尔”是哈萨克族民间器乐曲的重要组成部分,在哈萨克族传统音乐中具有重要的地位。并于2008年6月7日被国务院国发[2008]19号文公布为第二批国家级非物质文化遗产保护名录。《阔恩尔阿湾》的出版,填补了伊犁州哈萨克族六十二阔恩尔研究没有专著的空白。
(2) 2008年7月18日上午,由新疆社会科学院主办的“中国哈萨克族非物质文化遗产学术研讨会”在乌鲁木齐市召开。
自治区政协主席艾斯海提·克里木拜、自治区党委常委、宣传部长李屹,自治区党委常委、自治区副主席努尔兰·阿不都满金,自治区人大副主任达列力汗·马米汗,自治区副主席库热西·买合苏提出席了研讨会。
艾斯海提·克里木拜在研讨会上发表了重要讲话。他说,非物质文化遗产保护工作是一件功在当代、利在千秋的大事。积极开展对中国哈萨克族和其他少数民族非物质文化遗产的研究具有十分重要的意义,要充分认识当前非物质文化遗产保护的新形势和新要求,非物质文化遗产保护作为国家文化发展战略的重要组成部分,要与构建社会主义和谐社会相适应,要从被动保护向主动保护、从单一保护向全面保护、从静态保护向“活态”整体性保护转变。要让非物质文化遗产的保护工作真正走上科学化、规范化、合理化的轨道。
哈萨克族非物质文化遗产是我国非物质文化遗产的重要组成部分,与新疆其他少数民族一样,具有独特的民族、地域特色。2006年5月,哈萨克族曲艺音乐中的典型代表“阿依特斯(阿肯弹唱)”被列入我国第一批“人类口头和非物质文化遗产代表作”名录。今年又有“六十二阔恩尔”等12项哈萨克族非物质文化遗产代表作被列入自治区级名录。本次研讨会,就是通过对哈萨克族非物质文化遗产的研讨,加强对我国各少数民族非物质文化遗产系统理论的研究,促进新疆乃至我国西部地区非物质文化遗产保护工作,为传承中华文明,保护优秀传统文化作出贡献。
Н.М. Дүниедегі ұлттар тарихынан алып қарағанда ‹‹ қорғау ›› мен ‹‹ жоғалу ›› қатар өмір сүріп келе жатқан құбылыс іспетті .Бірақ , тарихтағы хазарлар мәдениетінің тарих бетінен өздігінен өшуін ойласақ ‹‹ өзін ұмыту ›› сынды және бір көмескі індеттің бар екендігін еріксіз еске аламыз .Сізше , кешегі хазарлардың тарихи тағдырын бұгінгі ‹‹ жаңа қазақтардың ›› болмыс – бітімімен салыстра зерттеуге болама ?
С.Ж. Я,…оның рас ,«қорғату »мен «жоғалттыру» да, «қорғау» мен «жоғалту» да қатар өмір сүріп келеді .Алайда тарихтағы әр этностың маңдайына жазылған тағдыр әр келкі .Оның себептері де әр алуан .Хазарлар мен «жаңа қазақтарды»,дәлірек айтқанда «жаңа қазақтардың» ішіндегі мәңгүрттерді ,салыстыра зерттеуге рухсат болғанымен ,оларды оп-оңай шендестіре ,тіпті жеп-жеңіл теңестіре,ұқсата салуға болмайды .Маған бұлар себептері басқа ,жағдайы өзге ,ал алдын алмаса болашығы мен салдары ұқсайтын үдеріс иелері секілденеді де тұрады.
Батыс түрік қағанаты ыдыраған соң ,орта ғасырлық ( ҮІІ – ғасыр ортасынан Х- ғасырға шейін өмір сүрген ) түркі тайпалары мемлекетін құрып ,неше ғасыр дәурендеген хазарлар ( Жұңго тарихнамаларындағы Ко-са ,ғалымдар пікірінше ғұндардың мұрагерлерінің бірі ) бізге мақтаныш та ,аяныш та тастап кетіпті .Қазақ даласынан солтүстік кавказдың шығысына ,Еділ ,Дон ,Қырымның шығыс жағалауларына ,Азов алқаптарына дейінгі ұлан байтақ өңірді өзіне қаратып шалқыған ,Беленжер ,Семендер , Сарашен ,Етіл , Саркөл ,т.б. қалаларды ұстаған, ата- бабаңның батыстағы бір тобы – хазарлар әрине мақтаныш сезіміңді қоздырады .Ал оның баянсыз болуы – үш ғасырдан артығырақ өмір сүріп ,тарих сахнасынан мүлде таюы ,сондағы қағанат тірегі болған хазарлардың өзге тайпаларға бытырап сіңіп кетуі (қазақтардың кіші жүзіндегі керейт ,беріш ,т.б. лар да солардың ұрпағы деседі ) ,артынан тамаша тілінің (ғалымдар қазіргі чуаш түріктерінің тіліне таяу деп отыр ) өлі тілге айналуы аяу сезіміңе қоса ішіңді удай ашытады-ақ .
Біз алдымен хазарлардың неге бұлай болғанын еске алып ,сосын бүгінгі мәңгүрттерге бұрылсақ жөн болар .
А. Хазар қағанатында діл мен дін бірлігі болмады . Тәңіршілдік те ,ислам да, християн да , юдей де қатар өмір сүрді .
Ә. Ат төбеліндей билік басындағы топ ( Обадия дейтін қаған және оның қол астындағы барлық бек ,тархан , тұдундар ) еврейлердің юдей дініне итағат ететін болды да ,өзге діндегі қалың бұқарасынан алыстады .Бұқараның оларға наразылығы қара қазандай болды .
Б. Қағанат халқын екі алып күш ,жымысқы миссионерлері арқылы ,екі жаққа (арабтар исламға , византиялықтар християнға) көкпарша тартты .
В. Қағанатқа шығыстан өзіне қандас кумандар (жұңго таринамаларындағы хулар,нақтырақ айтқанда оғыздар , печенектер , т.б. ) шабуылға өтті .
Г. Киев книязы Свиятославтың бірліктен әбден айрылып әлсіреген бұл қағанатқа 963-жылы бастаған шабуылы оны құрдымға қарай тіпті итерді …Мемлекеті күйрегенсоң хазарлар да тозып кетті !
Демек хазарлар және оның мәдениеті өздігінен өше салғаны жоқ .Биліктегі надандық пен нашарлық ,бұқарадағы қырық темірдің қылауындай ала-құлалық ,солардан туындаған ел ішіндегі берекесіздік ,содан пайдаланған сыртқы күштік соққы қатарлылардың салдарынан әуелі мемлекетінен ,артынан тілінен ,сосын «өзінен айрылу» арқылы құрыды .
Жоғарыдағы бес жағдай бүгінгі Жұңго қазақтарының басында жоқ қой .Демек заман да ,жағдай да , «жаңа қазақтық» ахуал да мүлде басқаша .
Ғылымда нигилизм (虚无主义) деген бар .Сен айтқан « өзін ұмытуға » ұқсаңқырайды .Қоғамда қалыптасқан мәдени құндылықтар мен мұраларды, діни ,моральдық нормалар мен түсініктерді инкар етуді ,жоққа шығаруды ,қайта қарауды ,олардан гөрі адамдардағы инстинктті (тума қасиеттерді ) тәуір санауды білдіретін ұғым . «Жаңа қазақтар» ішіндегі мәңгүрттер – осыған бой ұрып , « өзгенікін қыздай көріп » , « өзгенің айын дөңгелек санап » ,өзінікін қорашсынып ,оған мұрнын шүйіре қараудан бастап адасқандар .Бұлардың тек болашағы ғана хазарларға ұқсайды .Қалғанын өзің зерделей бер .
Н.М. Осыған азынаулақ байланысты тағы бір сауал бар. Қазір бір бөлім оқытушыларымыз ( кәсіптестеріміз ) жас ұрпақтарымыздың (тәрбиеленушілеріміздің )болмысындағы келеңсіздіктерді шектеуге шарасыз қалғандықтарын ашына айтып жұр .Былайша айтсақ ,кей жастардың бойына сіңген салауатсыздық ,моралсыздық , менменшілдік , қайрымсыздық , рухани салғырттық секілді сан алуан жат пиғылдар оқытушыларымыздың әр салалы тәрбие қызметін алып баруына қиыншылық тудырып отыр .Сізше , мұндай құбылстың жүз беруі бұгінгі ұшқан құстай дамыған зымыран замананың ықпалы ма , жоқ әлде тәлім – тәрбие жағындағы кемелсіздігімізден бе ? Жалпы ,ұлтымыздың ‹‹ отбасы тәрбиесінің ›› бұгінгі күй – жайін қалай бағамдайсыз ?
С.Ж. Заманға ,онің ықпалына итере салу оңай жауапқа жығыла кету болар еді . Әр заманның оң да ,кері де ықпалдары болады .Бірақ бәрін содан көре салған жөн емес .Кей адамдар ( әсіресе сол заманда тайраңдағандар ) кешегі солақай саясат ,ақ террорлық кернеген , апатты жылдардағы «үрейлі момақандықты» табиғиғилық санап , « ол заманда жақсы еді …» деп соғады .Бұл мүлде қате . Жылып аққан өзеннің астын да тыпа-тыныш санағандық .Ол кездегі жасырын былықтардан хабарсыздық .Бүгінде анағұрлым еркін заман орнады . Әшкерелілік басым орынға көтерілді. Бірақ бұдан әр кім өзінше пайдалануда . Ақылдылар заң ,ереже ,тәртіп , әдеп , иба ,…бойынша мәдениетті сөз-әрекетте жүрсе , ақылсыздар әдептен озуға ,тіпті заңның шетін басуға дейін баруды тапты.Заң бұзып қылмыс өткізгендер де бар .Бұл олардағы бітім ,сапа ,интеллект сияқтылардағы парыққа тіреліп жатыр.Соңғылардың кері әсерін де әлсіз шақтауға болмайды .
Бүгінгі жағымсыз жәйіттерді бүгінгі тәлім тәрбиеден көре салу да әділдік болмас .Бүгінгі оқу-ағартуда олқылық жоқ дей алмаймыз .Бірақ бұл арқылы бүгін «жемісін» (зардабын) көрсетіп отырған кешегі қателктерді ұмыту да дұрыс емес .Мысалы ,
А. Республика құрыла сала атейістік тәрбие етек алды . Оны әркім әр трлі түсіндірді ,әр түрлі түсінді .Тіпті исламият шектеген арақты ішу мен темекіні тартуды да « мәдениет , материялизмшілдік , атейзм,құдайдан қорықпау- дың белгісі » санағнадар да кезікті . Сонымен бұл сықылдылар етек алды .
Ә. Солақай саясат кезіндегі нахақ ату ,жазалау ,тәркілеу сияқтылардың кей жандарды жаңсақ (қоғам сорпа бетіндегілерді « аяқ асты етсе де бола береді » дегендей) әсерге бөлеген тарапы да жоқ емес-ті .
Б. «Мәдениет зор төнкерісі» деген апат мұны тіпті ушықтырды .Арыдағы ғұлама Кұң Зыдан тартып заманымыздың алып реформаторы Дың Шяупиңге дейінгілердің абыройын түсіруге ұмтылды .Елағаларының талайын « жын-шайтан » деп азаптады . « Төрт көнені жою» науқаны ,өзгені былай қойғанда ,үлкенге құрмет ,кішіге іззет сықылды талай әдеп-ибалық дәстүрлерді де аяқ асты етті .Білімі бар зиялы қауымды (мұғалімдер де соның ішінде ) « сасық тоғызыншы » деп «әбден борсығандар» қатарына лақтырды . Мұндайда салауат ,мөрал , қайырым ,иба , тәртіп ,ахлақ ,… дегендердің қайда қалатынын әбден білесің .Алтын аптаушысы келіссе ғана әрең жұғады .Ал күйеге жанасу ғана жетіп жатыр… Абырой мысқалдап әрең жиылады ,ал ол төгілсе лақ ете түспек . Жақсылықты жар сала жүріп әрең танытасың ,жамандық өзі-ақ сумаңдап ене береді …Мен бүгінгі қоғамдық теріскейдің тамырын кешегі қоғамдық ситуациядан(хал-жайдан) іздегенді жөн көремін . Ал ол тамырдың көктеп шығуы ,бұтақтауы қазіргі қоғамның теріскейіне ,әсіресе әр адамның бітімі мен сапасына тіке байланысты .
Өзің айтқан бір мөрал дегенге келейікші .Мораль-өзара қарым-қатынастарды реттейтін қағида ;мінез құлықты реттейтін институт ;қоғамдық сананың этикалық сапаларын бейнелейтін нысан.Қалыптасқан құндылық негіз де ,әлеуметтік мұрат та ,еркіндікті таған ете көріненр ахлақ та осында жатыр .Кісіліктің талай асыл қасиеттері де (ар-ұят ,намыс , ізгілік ,іззет ,мейір , әділет , жауапкершілік, парыз,…) сонда .Кешегі қоғамдық апатта осының бәрі мейлінше тапталды .Оның ықпалын ,сондық вирос пен микроптың сырқатын бүгін көріп отырмыз .
Тамыры терең бұларға бүгінгі қоғамдағы теріскей жақтардың дем беруін қос .Бұларға төтеп берудегі әр салалық әлсіздіктерімізді есепке ал .Осыдан барып отбасы тәрбиеі мен оқу-ағартудың жүгі тіпті ауырлай түсетініне сен .
Қазақ ежелден-ақ аса зор данышпандықпен « Ұяда не көрсе ,ұшқанда соны алады » деген ғой .Мұндағы ұя кең мағыналы . Отбасы ғана емес ,көрші-қолаң ,қыстақ тіпті ауыл ,ондағы адамдар ,… бәрі қамтылып жатыр .Ал ,бүгінгі қазақ үшін отбасы тәрбиесі бұрынды-соңды болып көрмеген маңыз шыңына шықты .Заң аясындағы еркіндік , бәсеке қайнаған өмір ,глобалдану (ғаламиласу ) , интеграция (біртұлғалану ) ,интернет (ғаламтор),теледидар мен кинофилм ,мәдениеттегі қызу ауыс-түйістер ,…кез келген ұлтқа әтірдің де ,борсығанның да исін әкеледі .Осының тек жақсы жағымен ғана суару – ең алдымен ата-ананың борышы . Баланы өз ана тіліне жетік етіп шығару да осылардың басты да қасиетті міндеті болып қалды !Сонсоңғысы әр дәрежелі биліктің ,ата-ананың , мектептің ,бұқаралық ортаның ортақ міндетіне айналады .
Ата-аналардың мүлде көп сандысы ақылды,пайымды , ойламды жандар .Екеуміз айтып отырғандарды олар әбден біледі .Дегенмен өкінішті жақтар да жоқ емес .Кей әке не шешенің өзі оңбай жүр ; кей ауылдың бірер бастығынан не бірер ағартушысынан ұнамсыз үлгі көріп жүрген жастар да жоқ емес ;әр ауылдың өзіндік нашар «атмосферасы» бар …Осыларға еліктеген жас қайдан оңсын. Жастарды оңау үшін алдымен осыларды түзеу керек сықылды .
Н.М. Сіздің ұзақ жылдар бойы оқу – ағарту қызметімен шұғылданған ұлағатты ұстаз екендігіңізді көп санды оқырмандарымыз тегіс біледі .Оқытушылық қызметтің жапа – машақаттылғы мен даңықтылығын кәсіптесіңіз болып отырған менен де жақсы түсінесіз .Қазір, районымыз көлемінде жалпы беттік атқарылып отырған ‹‹ қос тіл ›› ағартуы біздің ұлттық ағартуымызға жаңа сайыс , тың бәсеке жариялап отыр.Әрине, ‹‹ қос тілді›› болу келешек дамуымыз үшін пайдалы .
С.Ж. Айтқаның рас .Қос тілді ,үш тілді,тіпті көп тілді болса қандай жақсы .Әсіресе бір миллиярдтан астам хәнзу халқымен бірге өмір сүріп отырған бізге бұл ауадай қажет .Бұны іске асырмасақ артта қалғанымыз қалған . Өйткені барлық іс осы мемлекеттік тілде жүргізіледі . Қыбыр еткеннің бәріне аударушы істету мүмкін де емес .Хән тіліндегі ғылым-техникалық дүниелерді өз тіліңе түгел аудару да жүзеге аспайтын аңыс .Сондықтан ұрпағымыз ,өз ана тілімен қоса,хәнзу тілін де дәл хәнзулардың өзіндей игеруі керек .
Н.М. Бірақ , осы ‹‹ қос тілділік›› біздің негізгі сатыдағы басым көп сандағы оқытушыларымызға бір түрлі рухани басым әкелген жағдай бар . Нақтырақ айтсақ ,бұл басымның қайнар көзі, бірден жастайынан тек өз ана тілінде білім алған ұлттық оқытушыларымыздың ханзу тілінде сабақ тұсіндіріп кете алуының қиынға соғуынан көрінсе, енді бірден ұлттық мектептерге түсіп оқитын тәрбиеленушілер қайнарының жыл сайын құлдырауынан белгі беріп отыр.
С.Ж. Бұл да шындық . Мұғалімнің кез келген сабақты оқушылар миына екі жағы бірдей судай күйдегі ана тілмен де құя қоюы оңай емес .Ал ,егер бұл сабақ екі жағы да шала тілмен жүргізілсе , егер ана тілді араластыру рухсат етілмесе,онда ұқтырушы үшін де ,ұғушы үшін де қатты машақат деші .Мұндайдағы оқытудың сапасы беп белгілі . Осыны көріп ,сапа жағынан түңілген ата-аналардың өз балаларын хәнзу мектептеріне апарып беруі де барған сайын етек алуда .Мұнда олар сабақ өтілетін тілге болмағанда бір жақ – мұғалім тарап судай болғасын , ұлыттық мектептегіден гөрі, оқу сапасы өрірек болады деп санайды ғой .Іс жүзінде мұндайда хәнзушаны игеру сапасы ғана өрірек болуы ықтимал .Әр бір пәнді игеруі қалай болар екен .
Н.М. Ендеше , сіз негізгі сатыдағы оқу- оқыту орындарында жүз беріп отырған бұл құбылсықа қандай көзқарас білдіресіз ? Қарт ұстаз , сақа ағартушы ретінде өз кәсіптестеріңізге қандай құнды ұсыныс , келелі кеңестер бере аласыз ?
С.Ж. Мен бұл туралы айтарымды ашық ( басылымдарда ,радио мен теледидарда ) айтып келемін . Жалпы алғанда, біз бұл қадамға толымсыз дайындықпен , батыстың ізінше ,тез кірісіп кеттік .
Мен Оқу – ағарту Комитетіндегі басшылық орынға келе салып (1986-жылы) хәнзуша оқытуды күшейтуді қолға алдым .Сол алғашқы жылдың өзінде-ақ осы туралы зор жиын аштым . Әрине ШҰАР парткомы мен үкіметінің , Комитет партгруппасының ,Жәкең қатарлы басшылардың , тіл-жазу Комитетіндегілердің қостап қоладуымен . Оған ШҰАР дағы Уаң Ынмау ақсақалдан бастап барлық басшылар қатынасты .Онда мен ұлыттық мекетептерде хәнзу тілі мықтап оқытылса ,балалар шынайы қос тілді болып шығады ,сапа өрлейді ,ұлттық мектептердің өміршеңдігі артады ,ССРО дағы «қос тіліділік» (қазақстан қазақтарының 40 пайызын өз тілінен айырған саясат ) бұл елде қайталанбайды деп мөлшерледім .
Бірақ мұны ,өзгені былай қойғанда ,қазақ байқұстың өзі де тегіс түсіне кетпеді .Тіпті мені жандайшапқа санағандары да болды .Оған хәнзу тілін мықтап оқытуға арналған ұсыныстардың ( қаржы ,оқытушы ,оқулық ,сабақ сағаты , тіллабараториясы ,т.б. туралы талаптарымның ) атқарылмауын қос .Сонымен ұлттық мекетептердің өміршеңдігін ұзартуға жай қалдық !Көп ұзамай аз ұлт балалары мемлекеттік бір тұтас емтиханға қатыстырылатын болды – аз ұлт және хән талапкерлері ара сапалық парықты жариялау мен «аз ұлт оқытуы сапасыз» деген қортынды дабыралы айтыла басталды….Мемлекетте жүрілген реформа жекешеліктің салмағын арттырған сайын ,кәсіпорындардың көбі ,балтай – шалтайыңа қарамай ,хән тіліне судай ,ең сапалы адамдарды ғана қызметке алатын болысты.Бұған өкпелей аламысың .Оған пайда ,кірім керек қой .Түп түсінікті . ….Сөйтіп аз ұлт балалрының жұмысқа орналасуы барғансайын қиындады ….
Бүгінгі жүргізіліп жатқан «қос тіл ағартуы» ,егер мен қателеспесем ,міне осындайлардан соң жолға қойылды .
Бұған менің көзқарасым осы .Енді бұл осы беттен қайтпайды .Бұдан былай қалай блуы екеуміздің ойымызға қарап тұрғаны жоқ .Оны ауқымның ағыны белгілегелі тұр.Мысалы ,ішінара қыстақтарда болмаса ,ертең ұлттық мектеп деген де болмайды .Тек аралас мектептер өмір сүреді .Ол алғашында өз ана тілін өз тілінде оқыта тұратын ұлттық сыныптарды сақтауы мүмкін ….
Ал,кәсіптес бауырларға сабырлы болуды өтінемін .Кез келген көпір керемет кең болмайтыны белгілі .Өтпелі кезең де сондай .Қиналасың ,қысыласың .Дегенмен ең кесек проблема бұл оқытушылардың жеке басындағы мәселе емес .Бүгінгі оқушылар (болмағанда бір бөлігі ) қинала жүріп хән тіліне судай болар ,кейі қоғамнан ойып орын да алар .Ал өз анатілімен оқыған бүгінгі оқытушылар да қиналар ,өзге кәсіпке ауысар ,зейнетке шығар ,бір гәп болар…Ең үлкен іс тіл мәртебесінде ,тіл болашағында тұр . Бұл туралы менің жуықта жарық көрген «Толассыз туған толғаныстар» деген кітабымда айтылған .Соны оқуыңды үміт етемін .Бір ауыз сөзбен айтқанда ,ең басты бейзаттық мәдени мұра – ақындар айтысы да ,62 қоңыр да ,басқа да емес ,қазақ тілі ! Соны қорғау керек .Бүгін бұл мүмкіндік тек ата мен ананың қолында тұр .Отбасы тәрбиесінде тұр .
Н.М. Бил жыл басында районымыздағы әрқайсы жақтардың селбесуінде , ұлтымыздың арыдан келе жатқан ата мұрасы – ақындар айтысын зерттеуді негіз ететін «айтыс зерттеу қоғамы » шаңырақ көтерді .Әрине , бұл біздің ұлттық мәдениетіміздің мәйегі саналатын ақындар айтысына жасалған бөлекше қамқорлық саналмақ .Сізше , ақындар айтысн зерттеуді басты мақсат еткен осы қоғамның маңызы мен міндетін бұгінгі мынау қиян – кескі өркениеттер тайталасында қалай танығанымыз оңтайлы ? Біздегі бұл сәлиқалы көштің қара нары болашақтың қатпарлы соқпақтарында еш уақыт жүк қалдырмайды деп сенім арта аласыз ба ?!
С.Ж. Кесек сұрақ ! Бұл қоғамның маңызы міндетіне қарай болмақ .Егер ол бір топ адамға штатқа кірмейтін , мәртебе бермейтін ,тек тізімдікте ғана бар «лауазым » ұсынумен шектелсе түк те маңызға ие бола алмайды .Мен бұл қоғам айтысты шынайы зерттейді деп үміттенемін . Шынайы зерттеу айтысты дамыту ,түлету , өміршең ету , « болашақтың қатпарлы соқпақтарында еш уақыт жүк қалтырмайтын ету» үшін қызмет етуі тиіс.Тарихта былай болған-ды ,тулен менен пуленнің айтысы былай да былай өткен,…сықылдылар да зерттеледі .Алайда ол басты орынға шығып алып ,мен айтқандар тасада қалса ,бұл қоғамның нашар шыққаны дей бер .Егер ақындар айтысына қосанжарлайтын , мұрамызды байытқансыйтын ,сол арқылы оны елеусіздендіретіндерге , күшімізді бытырататындарға сақтықпен қарамаса ,алдын алмаса ,бұл да ол қоғамның бұл бейзаттық мұрамызды қорғауға тым ес қата алмағаны болмақ .
Бұл қоғам ең әуелі ақындар айтысымыздың абзал артықшылықтарын жеріне жете танытуға күш салса ,сол арқылы оған салқын қараушылардың көзқарасын өзгертсе болады .Менің хән ,қазақ тілінде жазған еңбектерімде айтылғандай ,ақындар айтысының кем дегенде он неше артықшылығы мен ерекшелігі бар .Мысалы ,оның тарихы өте ұзақ (мұны талай аңыздар ,тарихи дастандардағы сюжеттер ,Қ.Махмұд атамыздың « Түркі тілдер сөздігіндегі» « Жаз бен қыстың айтысы» ,Қожа Ахмет Иасауи бабамыздың «Диуани хикметіндегі» « Бейіш пен тозақтың айтысы» ,неше ғасырдан бергі айтыс ақындарының бізге жеткен мұрасы осыны мықтап дәлелдейді ) ,тек қазақта ғана бар ,синкреттік (араласпа ) жанр ,кинетикалық күйге ие (ақ қағазға қара сиямен түсіп, былайғылар бір ауыз сөз қосып не ала алмайтын күйге енген мұра емес ) ,дәуірмен үзеңгілесе алады ,формасы түрліше ,көлемі алуан ,нағыз білім сайысы ,ұлттық көргізбе ,үгіт алаңы ,мәдениет мерекесі ,ел аттаған мұра , өзгені де ( саяхат ,базар ,т.б.) ала кете алады ,…
Сосын бұл қоғам айтысты қорғаудың ең басты міндеті айтысатын тілді қорғау екенін білуі тиіс және сол үшін аянбай ,қорынбай қызмет етуі керек .
Егер бұл қоғам өзің айтқан өркениеттер тайталасында осы міндеттерді ойдағыдай атқара алса ,онда ол өз жолында жүк қалтырмайтын нар бола алғаны .Біз сондай болуына тілектес болайық .
Н.М. Биыл еліміздің реформа жасап , есік ашқанына тұпа – тура 30 жыл толып отыр.Ескерген жанға 30 жыл дегеніңіздің өзі аз уақыт емес .Қазір , тұтас еліміз көлемінде осы 30 жылдағы табыстарымыз таразыланып , алдағы даму бет алысымыз жөнінде жаңа шешімдер қабылдануда.Әрине , бұл даму үрдіснде аз санды ұлттардың да өрлеуі қамтылып жатыр .Сіз осы 30 жылдық дамудың куәгері ретінде , ұлттық мәдениетіміздің өткені мен бұгіні турасында не айтар едіңіз ?Осыдан он жыл бұрын ортаға қойылған ‹‹ философиялық ұлт ›› деңгейі бізге әлі қаншалық алыстықта жатыр деп ойлайсыз ?
С.Ж. Бұл отыз жылда бүкіл Жұңго адам танығысыз өзгерді ,ұша дамыды ,бүкіл әлемді таң қалдырды .Мұндағы қазекең де осы процестен қалғаны жоқ .Бұл туралы менің «Шинжяң газетінің» үстегі жылдың 26–қаңтарындағы санында жариялаған мақалам бар .Тақырыбы – «Енді он шақты жылда да ел жаңа ».Сонда айтылды .Бұл арада оны қайталамайын .
Ал,«Философиялық ұлт» туралы талқыға кезінде мен де араластым .Ол кездегі мақалаларымды тауып оқырсың .
Әр елде ,философияда ,әлеуметтік саяси ойда ,т.б. да ұлт деген әр түрлі түсіндіріліп жүр .Меніңше ұлт деген әлеуметтік бірлестік қой .Жай бірлестік емес ,тілі (кейде діні де) бір ,қалыптасқан мәдениеті (салт-дәстүрі де соның ішінде) бір бірлестік .Кей ұлттардың отырған аумағы да ,айналысқан экономикасы да бір болады . Ішінараларының мемлекеті де бар .Бұл соңғы шарттар бұйырмаған бірлестіктерді этнос деседі .Жер шарындағы 200 ден астам мемлекетте 2000 нан астам ұлттар мен этностар жасайды екен .Оның ішіндегі 330 ының ғана саны миллионнан асады да ,қалған 1700 дейі жан саны миллионға бармайтын аз санды этностар .Бұлар сөйлесетін тілдер мен тіл диалектілері 5 мыңнан артатын көрінеді .Талай миллион халқы бар талай этностың өз алдына мемлекеті жоқ .Қазір бүкіл әлемдегі бұл этностардың тілі де ,өзі де азайып бара жатыр .Басты себеп – ассимилияция .Мысалы ,Кеңес Одағындағы 1939-жылғы 193 этностан ,20 жыл ішінде , яғни 1959 – жылға келгенде 135 і ғана қалған .Әр мемлекеттте титулды этностың билік ұстауы да ,оның өз еліндегі аз санды этностарға мемлекет құрғызбауы да бүкіл әлемдік ортақ талапқа айнала бастады .Бұл арада , орнықтылық ,бейбітшілік , береке , ынтымақ ,бірге даму , жарасымдылық қатарлылар жетекші идея болып отыр .Біз – Жұңго қазақтары осы идея негізінде бірге дамуға құлшынуымыз керек .
Ұлт дамуы үшін ұлттық дүниетанымдағы дамуды қолға келтіру өте маңызды іс.Қалағаны соған ере шешіледі . Ұлттық дүние таным – ұлттың дүниеге (адамдарға , табиғатқа , құндылықтарға , мөралдық нормаға ,т.б. ) қаратылған ,өз мүшелеріне ортақ,ұлттық негіздегі көзқарас жүйесі . Ғалымдар дүниетанымның рационалдық (纯理性) парадигмаға (结构体系) арқа сүйеген батыстық түрінен басқа формаларын да көрсетіп жүр. Мысалы , әулиелер берген адамгершілік өлшемдері , жасампаздар мен жаңғыртушылар философиясы ,алыптар құрған ұлы жүйелер ,философтар берген поэзия мен даналықтар ,т.б. Кей ғалымдар (мысалы Т.Ғабитов ) қазақ дүниетанымының мынадай ерекшеліктерін атап көрсетеді :Философиялық емес сарындағы даналық тәжірибесі ;экологиялық мәнді қамтыған түрдегі табиғатты кие тұту ;көшпелілік менталитет ықпалдары ;этика мен антропологияға көңіл бөлу ;рухани құндылықтарға ерекше назар аудару ; ғарышпен үндестікке талпыну ;байлықтан гөрі адамгершілік мұраттарды (ар-намыс ,қанағат,әділет , шүкіршілік ,т.б.) жоғары қою ;философиялық мәселелерді экзистенциялық (存在主义) ,дидактикалық(说教, 教益),прагматикалық (实用主义)сипатта қарастыру;ұжымдық мүддені жеке мүддеден жоғары қою …
Міне мұнда не не тамаша танымдық тағандар да тұр ,заманға ілестірмейтін әлсіз қарастардың тамыры да жатыр . Мұны өзге ұлт дұниетанымдарымен өзің салыстыра бер .Сонда ара парық байқалатын шығар .
«Ауылым » сықылды әндер менің жан қылымды да нәзік те тамаша тербетеді .Қатты сағынамын .Алайда ол ауылдың заманы өткенін мойындаған дұрыс .Дүние өзгеріп барады .Бұрынғыша тіршілік ету мүмкіндігі қатты тарылды . Енді бөрікті заманға қарай кимеске амал азайды . Анатілді,сол негіздегі жақсы дәстүрлерімізді жан сала қорғап ,қалғанын ( жартылай көшпелілікті ,дәстүри малшылықты, шүкір- қанағатщылдықты ,өзгенің ұнамсыз- ына да еліктей кетуді ,заманға сай келмейтін салт – сананы,…) заманға үйлесу үшін құрбандыққа шалуға болады .Қысқасы,қазақ әлі де түлей түсуге тиіс .Тек мысал үшін ғана айтар болсақ , даналық тәжірибелердің күні өткенін тастаған жөн .Табиғатты кие тұтудан гөрі жөнімен пайдалану қажет .Отырықты,әсіресе қалалық ұлттардан үйрену ләзім .Адамгершілік мұраттарды жөнімен қастерлей отырып ,білімге ,өнерге ,еңбекке ,саудаға ,пайда табуға , баюға ,қор жиуға талпыну тиіс …. Әрине бұл сықылды түлеу кемінде екі күштің ықпалымен тезірек жүреді : Бірі , қоғамдағы түлеу ,реформа ,өзгеріс .Бұл бізде жетерлік .Енді бірі ,білім алу ,ояну ,іштей жаңару .Бұл бізде басталды . Дегенмен баяу ,сірә ұрпақ аттамай айқын нәтиже көре алмаспыз .Ол нәтижені сендер көретін шығарсыңдар .
Ал ,заманауи ұлтқа , « философиялық ұлтқа » жетуге қаншалық қалғанын осылайша мөлшерлеп көр .
Н.М. Жуықта көрнекті қоғам қайраткері ,түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны , ұлтымыздың бір туар азаматы Мұхтар Шаханов районымызда өнери сапарда болған еді .Ахбарат деректеріне қарағанда , Шаханов ағамызды Нобель әдебиет сыйлығына үміткер санайтындар көп екен. Осындайдан барып ойға оралады ,сізше қазақ әдебиетінің бұгінгі деңгейі дүниежүзілік өреге көтеріле алды ма ?Нобель әдебибет сыйлығы сынды мұндай үлкен олжа біздің ұлттық қаламгерлеріміздің қанжығасына қашан байланатындай сезінесіз ?
С.Ж . Сұрағыңның ең қиыны осы – ау деймін .
Әңгіме болсын ,Нобельге де бұрыла кетйік .Швецияның Стокгольмында 1833–жылдың 21 – қазанында дүниеге келген Альфред Бернхард НОБЕЛЬ Италияның Сан-Ремосында қайтыс болған ғой .Ол өлерінде өз атында қор құруды өсиет етеді .Қорға оның артында қалған 33.3 миллион швед кронасы қойылыпты . Мұны Нобель инженер ,химик , өнертапқыш және кәсіпкер ретінде (өзі жаратқан динамит сықылдыларға алған патенті қатарлыларымен) тапқан ,жыйған екен .Бұл ақша қарыз-парыз арқылы өседі де ,оның түсірген пайдасы әр жылы тең бес саладағы ( физика ,химия , медицина , әдебиет және бейбітшілік ) әлеми ең жоғарғы сыйлыққа бөлініп беріледі.Бертінде оған алтыншы – экономика саласы кеп қосылды .Нобель сыйлығы 1901- жылдан бастап тапсырылыпты. Алғашқы 100 жыл ішінде ол 41 елдің 600 ден астам адамына берілген екен.
Осы бір ғасырлық барыстағы Нобель әдебиет сыйлығына назар салсаң мынаны байқайсың : Швед Корольдік Әдебиет Институты сыйланған қаламгердің адамзатқа ,оның жай-күйіне көңіл аударуы мен қормалдық сезіміне , адамзатқа төнген қиын- қыстаулық үшін бас қатыруына және либераль рационалдық (еркін парасаттық,自由理性) ізденісі мен көксеуіне баса мән беретін сықылды .Біздегі қанша қаламгер бұған қаншалық таяды ?Таяуға ұмтылды ма ? Ұмтылысына бөгет бар ма ? …Өзің таразылай бер .
Нобель әдебиет сыйлығының өлшемі үш кезеңнен өтіпті . Өткен ғасырдың 30- жылдарының алды бір кезең .Мұнда ол реализмнің қалыптасқан ұстанымдарына бейім болып ,адамзат эмоциясы (көңіл күйі ) мен өмірін бай стандарттық та әдемі (典雅) формамен суреттеуді талап етіпті .Екінші кезең саналатын дүниежүзілік екінші соғыс соңынан өткен ғасырдың 70-жылдарына дейінгі аралықта , Нобель сыйлығын бағалау комитетіндегілер батыл иновацияшы (жаңалық жаратушы,жаңғыртушы,创新 ) жазушыларға көңіл аудара түсіпті . Одан соң бүгінге шейінгі үшінші кезеңде, сыйлық алушылар өңірі Азия мен Африкаға дейін кеңейді .Әр алуан ұлттардың әдебиетін әлем халқына таныстыруға күш шығарды ,жұрт назарын бөтен мәдениеттерге аудартуға мән берді . Сыйланушы- лардың бәрі дерлік ұлттар әдебиетінің уәкілдері салаятымен сахнаға шығысып жатты .
Осыдан барып ойға батасың . Біздің әдебиетіміз (қаламгер- леріміз ,туындыларымыз ) адамзат өмірі мен оның жай-күйіне ,бүкіл дүниеге қаншалық назар аударды ? Оған қаншалық жанашырлық , қормалдық ұстаным білдірді ? Оларға нендей рационалдық қызғындықпен қарай алды? Ойын емін-еркін жүгіртіп,батыл ізденіс жасады ма ? Ұлтымыздың өмір ерекшелігін («бір тамшыны») әйгілей келе бүкіл адамзаттық (әлеми ) тіршілікті білдіруге көтерілді ме? Қолданылған өнери формасында сонылық , жасампаздық , иновация бар ма ? … деп.Бұған жауапты екеуміз асықбай іздейік .Алайда бір шындық бар .Ол – жалпы түркі тілде сөйлейтін халықтар қаламгерлерінен ,Орхан Памүктан соң осы сыйлықты аларма екен деген ,Шыңғыс Айтматов (амал не ,қайтыс болып кетті .Алла алдынан жарылқасын !) серкелік еткен бір шағын кандидаттық топ бар .Біз солардың тілеуін тілеуге тиіспіз .Тілек қашан жемісін береді ? Оны айту қиын .
Ал,енді Жұңго өазақтарындық деңгей мен дүниежүзілік өре арасына ,қарыстап не арқандап меже айта алмасақ та, сөйте алатындар есіне саларлық сөзді қозғауға болар .Бұл туралы Тұрсынхан Әліханұлы мен Тәпей Қайысханұлы да ізденіс үстінде сықылды .Олардың еңбектерін де ( «Шинжяң газеті» .2009.01.18. «Әдебиеттегі әлемдік өре » , 2009.02.13. « Әдебиет пен дәуір және жан дүниеге сапар ») оқырсың .
Көбінесе ақиқат салыстыру барысында айқындалады . Өзімізді , әлемге апармай-ақ ,осы ел ішіндегі 56 ның бірімен салыстырып көрейік .Мысалы көрейлермен .Өйткені Жұңгодағы чаушян ұлтының саны мұндағы қазақпен қарайлас .Олар да шекара регионда тұрады.Өз тілі мен жазуы арқылы шығармашылық жасайды.Оларда да ұлттық региондық автономиялы облыс бар .т.б. Меніңше олар бізден көш ілгері .Мәселен ,мыналарға қара :
А. Соңғы 30 жылда жиыны 1310 шығарма жарық көрген екен . Оның ішінде роман 90,хикаят 124 ,жыр жыйнақ 251,балалар әдебиетіне тән жыйнақтар 195 ,альманахтар 251,әдеби назариялық шығармалар 126 ,аударма 200 ден астам ,хән тіліндегі шығарма 109 .Бұдан 67 сі өлкеден жоғары сыйлытарға, 86 сы облыстық сыйлықтарға иегер болыпты .Кей бауырларым « біздікі бұдан да көп » деуі мүмкін .Оларға «Сап…Сап ..! Бұл шығармалар төменде айтылмақ қимылдардан соң шыққан нығыз дүниелер!» деп ескерт.
Ә. 1980-жылдардың ішінде – ақ ,ел ішіндегі ең әйгілі 18 жазушыны шақырып,чаушян ұлтынан шыққан 1300 дей жазушыны (!) курстардан өткізіпті ,ғылми талқыларға салыпты ,ұлттық әдебиетін зерделепті .Көрдің бе !
Б. 1990-жылдарға келгенде ,өз жазушыларымен өткізілген ғылми зерттеу ,талқы ,сұхбат атаулылар тіпті көп .Тіпті әуелі обылысында Янбиян ұлттық әдебиет институтын да құрыпты .Янбян жазушылар одағы сыйлығын да тұрғызыпты .т.б.Жұмыстарының көптігіне ,тыңғылықтығына ,ғылмилығына ,өнімділігіне қарашы !
В. Жаңа ғасыр бастала сала , « интернет кезеңінің әдебиеті », « экологиялық орта әдебиеті », « таяузаман әдебиеті », « ауғындар әдебиеті » ,…дегендерге ат қоя кірісіпті.Басқаны былай қойғанда ,бізде ауғындар әдебиеті түгіл ,ауғындар жайында ауыз ашушы да жоқтың қасы емес пе .Бүгінгі адамзатта ,соның ішінде мұндағы қазақта ауғындар аз ба ?!
Г. Отыз жылдан бері АҚШ ,Корей ,Жапон ,Малазия ,Романия қатарлы елдермен тікелей әдеби ауыс-түйісті қыздырыпты .Өзге дүниемен ауызекі араласбай тұрып оның өресі мен деңгейіне айқын көз жеткізуге бола ма .Көз жетпегенге көңіл де тез оянбайды , талпыныс та шіркін-ай болмайды .Оларға өзіңді таныта аласың ба . Еліміз есікті айқара ашқанымен ,кей бауырым шетке тек саңлаудан сығалап қана жүрмей ме …Өзің айтқан М.Шаханов келгенде ,жазушылар ұйымы емес ,Асхат Керімбай мен Тілебалды Әбдірәшит бауырлар және «Қазақ тіл-мәдениет зерттеу қоғамындағы » Ботай Көпенұлы ,Асан Әбеуұлы қатарлылар күтіп алғанын қарамайсың ба …
Янбияндықтар өздерін хән тілді әдебиеттің деңгейіне жете алғанымыз жоқ дейді екен .Мен Жұңго қазақ әдебиеті сол көрейлер деңгейіне жете алғаны жоқ дегелі отырмын .Енді хән тілді әдебиеттің Нобель сыйлығынан қаншалық қашықта екенін хән тілді мықтылардың өздері де айтып жүр .Мархұм Биң Шин (冰心) айтқан екен : « Жаңа кезең әдебиетінде ірі ұстаз(大师) кем ,бірақ тұтас деңгейінен алғанда қазіргі заман әдебиетінен өрелі » деп.Қазіргі заман дегені республика құрылудан бұрынғы отыз жыл ,жаңа кезең дегені соңғы отыз жыл ғой . Нобель сыйлығы әрине білім өресі биік ,алғырлығы асқан ,сезгірлігі күшті ,еркі қолында ,ауыз баққанға әдеттенбеген ірі ұстазға беріледі ғой .Ләй Дарын деген айтыпты (赖大仁 . 2009.03.10 .< 文艺报>) « Бүгінгі әдебиетімізде болуға тиісті бір түрлі рухи іштілік кем болып тұр . Ол нағыз әдебиетте кем болса болмайтын нәрлік ,жалындық ,жандық дүниелер» деген екен. Бізде идеялық қамтым ,эстетикалық мұрат ,мөралдық ұстаным сияқтыларға баса мән беріліп келеді ғой .Дегенмен ,егер саясиланған қақпай көрмесе , ұлы құрлықтың хән тілді әдебиеті де көп ұзамай ондай сыйлықтарды алады .
Сонда Жұңго қазақ әдебиетінің дүниелік өреден қаншалық алыста жатқанын ептеп байқайтын шығарсың .Жақсыға басын айту жетерлік .
Н.М. Уақыт – алтын таразы демекші , ғасырлар қойнауына бүгіннің көзімен көз жүгіртер бөлсақ , тарих бетіне із қалдырған әрбір есті тұлғаны дұрыс танудың кемел кезеңі уақыт көрсеткішіндегі кейінге қалып отырады екен .Бұған дәйекті дәлелді ,арыдан айтпаған күннің өзінде де ,кешегі заңғарлар Әуезов пен Мүсірепов, Есенберлиндерді бұгін біз қайталай тануға міндетті болып отырмыз .Осы тұрғыдан ойлағанда, сіз өзіңізді келергі ұрпақтың қай қырыңыздан тануын үміт етесіз ?
С.Ж. Айтқаның рас . Уақыт мейрімсіз де әділ . «Тура биде туған жоқ » болса ,уақытта аял да аяу да жоқ .Ертең ол бәрін де өз орнына қояды .Я,…ертеңгі ұрпақтың ә дегенде бір ауызды бола кетуі де нағайбыл .Дегенмен, бара – бара бір ауызды тұжырымға келері хақ .Сол ертеңде есте болу бар да ,еске қалай алыну бар .Есте бардың кейі жақсылығымен ,кейі жамандығымен ескеріліп жататынын да білесің .Бүгінгі шен ,байлық ,марапат ,мақтаулардың ертеңнің есіне кіру-кірмеуі де уақыттың билігінде .Бүгін жұрт аузынан түспей жүргендердің кейі ертең-ақ мүлде ұмтылуы да мүмкін .Керісінше бүгін елеусіз күйдегі біреудің ертең екі алып биге шығуы да ықтимал .Меніңше уақыттың таразысындағы тас – отанға ,халыққа ,ұлтқа бере алған татырлық дүниелер .
Бүгінгі болымсыз еңбегіне мақтанып ,терісіне сыймай жүрген кей бауырларыма менің шығарған бір шумағымды оқыған боларсың .Онда мен ол «бірінші ақымақтар» былай деп жүр деген-дім :
Мен – өскен шың басына жасыл ағаш ,
Басында миуасы мол асыл ағаш .
Бойымда әр жапырағым мың ділдалық ,
Үйе бер береріңді басыма Алаш !
Осы бөспелік нысай менің замандастарымның ішінде аздап болса да бар .Екеуміздің сұхбатымыз ең әуелі осындайдан аулақ болсын .
Имандай шыным – мен кешегі ,
«Мен- өскен ойпаң жерге аласа ағаш ,
Емеспін жемісі мол тамаша ағаш .
Бойымда әрбір жаңқам өзің үшін ,
ала бер керегіңе жараса Алаш ! » –
деп өткен арыс аталардың ( Ж.Мағжан сықылдылардың ) қасында өзімді қурайдай-ақ сезінемін .Ендеше ертеңгінің есіне іліне қоймаспын .Мендейлер бүгін аз емес ,ертең тіпті көбейеді .Көптің қайсы бірі есте тұрар дейсің .
Я,…рас ,бүгіннің мақтау-мараптынан мен де кенде емеспін.Мысалы ,әйгілі жазушы ,Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы ,Дүниежүзі Қазақтар Қауымдастығы Төралқа төрағасының (Н.Ә.Назарбаевтің ) бірінші орынбасары ,марқұм Қалдарбек Найманбаев . «Бұл-кісі өте бір талантты адам.Азамат ретінде,ғалым ретінде, ағартушы ретінде,жазушы ретінде . Жұмыр басты пенденің бір басына көп емес пе , деулеріңіз мүмкін. Жоқ , көп емес.Олай дейтініміз, Сұлтан Жанболатовтың өмір жолы Қазақстан тарихының жиырмасыншы жылдарындағы, кезінде ұмыт болып,енді ортамызға қайта оралған белгілі қайраткерлеріміздің өмір– тарихымен үндес,сабақтас .Олар халқы үшін сол кезде алдымен не қажет соған ұмтылды.Қалың қазақтың рухын көтеретін өлең де жазды,сауат ашатын әліппе де құрастырды.Тарихшы да болды.Әрине оның ең бастысы ағартушылық еді .Міне осы қасиет – әйтеуір неде болса атымды шығарайын емес ,халқымның қажетіне бір керпіш болып қаланайын дейтін ізгі үміт Сұлтан Жанболатовтың жолсерігі болған секілді .» деп жазды .Осы бағаның ішінен мен ,монтансымай , « Олар халқы үшін …» деп басталған соңғы сөйлемін ғана маған жуық келеді деп білемін .
Мен радио-электроникамен айналысып доцент , зерттер- мен болдым ;проректор ,оқу-ағарту комитеті басшысының бірі ретінде білім беруді басқаруға араластым ;былығып баратқан терминологиямызға шырылдай кірістім ; лабораториядан айрылып ,электроникадан қол үзгесін ,ат үстінде жүрсем де ,қолыма қалам алдым ;…Кейі ұйымның ұйғаруымен ,кейі өз еркіммен . Мұны кей бауырларым , Қалдарбекше тәп баса түсінбей , « Әр шөптің басын бір шалу», « еріккеннің ермегі »,…деуі де мүмкін .Ал, расы мен дұрысы – ұлтым үшін майлық та ,сулық та ,тіпті сүрткіш те болу !
Әрине,кейінгі ұрпақтың есінен,ең болмағанда,Үйсін тарихы ,оның күнбилері ,олар басынан кешкен заман тауқыметі шықпайды .Сол барыста біреуі болмаса біреуінің есіне түсе қалсам ,ол мені « оқыған ,бірақ асқақтамаған ; шенді болған ,алайда арамдыққа басбаған ;жанын сала еңбектеніп ,ұлтының қажетіне бірер керпіш қалаған » десе жетіп асар еді .
Н.М. Сіздің әдеби жасампаздық сапарыңызға зер салар болсақ , ата тарихтан бастау алған « Хас сақтар » жыйнағыңыз бен «Үйсін хикаясы» атты трилогияңыздан бұгінгі заманаға құлаш ұрған ‹‹ Біз ›› трилогияңызға келіп тиянақ табады екенбіз .Сонда , сіз бұл көштің келергі сапарын қалай бағдарламақшысыз ? Болашаққа деген ой – толғамдарыңызды әдеби шығармашылығыңізбен бейнелеу ойыңыз бар ма ?
С.Ж. Бар .Аздаған қоғамдық ғылми фантастиканы «тұздық» ете отырып ,« соңғы қазақ » деген тақырыпта көркем әдебиеттік шығарма жазу ойым бар .Бұл мүмкін мыңдаған жыл уақиғасын арқау етер …. Бірақ бұрынғы жоспарымдағы « Үйсіннама » әлі біткен жоқ .Бүгінгі ғалымсымақтар ішінде кешегі үйсінді қазақтан ала қашқысы келіп жүргені де ,өзін ол үйсінге жолатқысы келмей жүргендері де табылады .Тарихтағы үйсіндерді «көктен түскен не жерден шыға келген ,сосын сол ізімен кетіп қалған …» деуге дейін барушылар да кезігеді . Трилогияны жазу барысында жыйған материялдарым арқылы « Үйсіннаманы » қолдан шығарып ,соларға тойтарыс бермекпін .Әрине Алла бұйырса .Басқаны сосын көрермін .
Н.М. Сіздің тереңнен ой толғап , сыр шерткеніңізге жәнеде бір мәрте рахымет айтықым келіп отыр ! Рахымет сізге ! Сізге қашанда мықты денсаулық , ортаймас бақыт тылеймын !
С.Ж. Саған да рахмет !Мықты денсаулықпен ұзақ жаса !Өмірің табысты да ,бақытты болсын !
Like this:
Ұнады Жүктелуде...